2.Препарат. Тоқішек эпителийіндегі бокал тәрізді (біржасушалы без)
жасуша.
Бояуы: Гематоксилин–эозин. х600.
Боялу себебі: Гематоксилин – негізгі (базофильді) бояғышқа жатады. Ол
жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Эозин – қышқылды (оксофильді)
бояғыш. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды.
Анықтама: Бездік жасушалар санына қарай бөлінеді:
1. біржасушалы бездер – жеке бездік жасушалардан тұрады
2. көпжасушалы бездер – көптеген бездік жасушалар жиынтықтарынан
тұрады.
Біржасушалы бездерге ішек эпителийінің бокалтүрлі жасушалары жатады.
Бұл өзгерген эпителиалды жасушалар. Олар секретті жинаған кезде бокал
пішінді болып өзгереді;
ядро және органеллалары тарылған базалды бөлігіне ығыстырылады. Ішек
қуысына шырыш бөлінгеннен кейін секретті жинақтау процессі қайтадан
басталады.
Қызметі: Бокалтүрлі жасушалардан бөлінетін шырыш ішектің сілемейлі
қабықшасының беткейін ылғандандырады, сонымен тағам бөлшектерінің
өтуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шырыш эпителийді және төмен
орналасқан тіндерді механикалық және химиялық әсерлерден қорғап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: