Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет43/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

V. Орналасуы: көбіне қантамырлар мен нервтердің айналасында орналасады. 
VI. Қызметі: су-тұз балансын реттеу, гамеостазды сақтау, қабыну мен аллергиялық реакцияларға 
қатысу. 
№5-препарат
І. 
Препарат 
атауы: 
Толық 
жасушаның 
дегрануляциясының электрондық микрофотограммасы 
ІІ. Бояуы: электрондық микрофтограмма, боялмаған  
ІІІ. Құрылымдардың боялу ерекшелігі: электрондық 
микрофтограмма, боялмаған  
IV. Құрылымы: .1- ядро;
2- жасушалық мембрана жарығы арқылы түйіршіктердің 
шығуы. 
Лаброциттер – толық жасушалар, тін базофильдері – 
қандағы базофильдерге ұқсас болып келеді. Жасушасы 
орта көлемді, ядросы, цитоплазмасында базофильді 
гранулдары, қозғалмалы өсінділері, мен жақсы дамғына өзге де органеллалалры орналасады. 
Базофильді гранулдарда биологиялық активті заттар болады. Лаброциттер қалыпты жағдайда – су-
тұз балансын тұрақтандыру, қанның ұюын болдырмау, гомеостазды сақтау функциясын атқарады. 
Патогенді факторлар әсер еткенде, цитоплазмасындағы гранулдар есебінен қабыну мен аллергиялық 
реакцияларды тудырады. Толық жасушалар көбіне сүт бездерінде, бадамшаларда, тимуста, ас 
қорыту органдарының қабырғасында орналасады және қантамырлардың айналасын қоршап жатады. 
Организмде олардың саны әркезде қалай өзгеріп отырады, әсіресе, жүктілік кезінде олардың саны 
көбейеді.
V. Орналасуы: көбіне қантамырлар мен нервтердің айналасында орналасады. 
VI. Қызметі: су-тұз балансын реттеу, гамеостазды сақтау, қабыну мен аллергиялық реакцияларға 
қатысу. 


№6-препарат
 
І. Препарат атауы: Егеуқұйрықтың қалыптаспаған 
талшықты борпылдақ дәнекер тіні.
ІІ. Бояуы: Темірлі гематоксилин 
ІІІ. Құрылымдардың боялу ерекшелігі: Гематоксилин – 
негіздік бояу, онымен боялатын құрылымдар базофильдік 
деп 
аталады. 
Препаратта 
макрофагтар 
мен 
фибробласттардың ядролары қоюлау көк түске, ал негізгі 
зат пен ондағы коллаген және эластин талшықтары әлсіз 
күлгін түске боялған. Бұл жердегі базофильді құрылым 
аталған жасушалардың ядролары, ол онда ДНҚ болуына 
байланысты. Жәй гематоксилин тек жасуша мен ондағы ядроны бояса, темірлі гематоксилин 
жасушааралық затты да бояйды, бірақ әлсіз күйде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет