-Плазмоциттер – В-лимфоцттерден дамиды, шеткі лимфоидтық органдарда дамып,
сонда көбірек
кездеседі. Плазмоциттердің негізгі функциясы – гуморальдық иммунитетті қалыпастырып,
тұрақтылығын сақтау болып табылады. Мөлшерлері ұсақ, жасушалсының ортасында ядро
орналасады, цитоплазмасында синтездік органеллалары мен рибосомалры жақсы дамыған.
Рибосомдарының жақсы дамуының арқасында иммуноглобулиндер синтезделеді.
-Лаброциттер –
толық жасушалар, тін базофильдері – қандағы базофильдерге ұқсас болып келеді.
Жасушасы орта көлемді, ядросы, цитоплазмасында базофильді гранулдары, қозғалмалы өсінділері,
мен жақсы дамғына өзге де органеллалалры орналасады. Базофильді
гранулдарда биологиялық
активті заттар болады. Лаброциттер қалыпты жағдайда – су-тұз балансын тұрақтандыру, қанның
ұюын болдырмау, гомеостазды сақтау функциясын атқарады. Патогенді
факторлар әсер еткенде,
цитоплазмасындағы гранулдар есебінен қабыну мен аллергиялық реакцияларды тудырады.
-Коллаген талшықтары – борпылдақ талшықты дәнекер тіннің аморфты затында жиі кездеседі.
Олардың негізін коллаген ақуызы құрайды, бірігіп будалар түзеді. Олар үш реттік буда түзеді.
Бірінші реттік будалар сыртын эндотендиний, екінші реттік будалардың сыртын перитендиний,
үшінші реттік будалар сыртын эпитендиний қабығы қаптайды. Эндотендиний
мен перитендиний
қабықтарынан қантамырлар мен нервтен өтеді. Және эндотендиний борпылдақ дәнекер тінінен
түзіледі.
V. Орналасауы: Аталған препарат жұтқыншақтағы лимфоэпителиальды сақианалар, яғни,
бадамшада орналасқан. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні адам ағзасының барлық мүшелерінде
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: