Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

Қызметі (шеміршектің):
 Іштегі нәрестеде – пішін қалыптастырушы,яғни олар кейін сүйек тіні дамуына негіз 
болатын шеміршекті қалып құрайды.
 Постнаталды кезеңде тіректік қызмет атқарады( мысалы, қуысты ағзалар 
қабырғасының қаттылығын қамтамасыз етеді) 
Орналасуы: ауа тасымалдау жоғары мүшелерінің (мұрын, көмей,кеңірдек, бронхылар), 
құлақ жарғағының, буындардың, омыртқааралық дискілерінің құрамына кіреді, іштегі 
нәресте скелетінің едәуір бөлігін құрайды.
2-препарат
Аты: Гиалинді шеміршек тінінің дамуы 
Бояуы: Электронды микросурет 
Бояу әдісін түсіндіру: бұл электронды микросурет 
Құрылымы: 
А-хондрогенді аралшық; 
Б- біріншілік шеміршек тіні; 
В- хондроциттің пісіп жетілу кезеңі: 
1-мезенхималық жасушалар: 


2-митоздық жасушаның бөлінуі:
3-қан тамырлары; 
4- оксифильді жасушааралық зат ;
5-базофильді жасушааралық зат; 
6- жас хондроциттер; 
7-қан жүретін капилляр 
Хондрогенді аралшықтар- хондрогенездің бірінші кезеңінде пайда болатын құрылым. Бұл 
кезеңде мезенхималық жасушалар қарқынды пролиферацияға ұшырап, өсінділерінен 
айырылып, дөңгеленеді және І типті коллагенді, гиалурон қышқылын, фибронектинді 
өндіре бастайды. Фибронектин адгезиясына мүмкін жасайды, сондықтан мезенхимоциттер 
агрегацияға ұшырап, хондрогенді аралшықтарға бірігеді.
Хондроциттер дегенміз пісіп жетілген, яғни ересек жасушалар,олар бөліне алмайды. 
ЖАЗ—ы синтездеуі төмендеген болып келеді. Осы хондроциттер изогендік топтар 
құрады. 
Хондробласттар-дегеніміз ол жас шеміршек жасушалары, олар бөліне алады ең бастысы 
олар жасушааралық заттарды жақсы синтездей алады. Олар базофилді боялады. 
Біріншілік шеміршек тіні – хондрогенездің екінші кезеңінде пайда болады. Яғни бұл 
кезеңде прохондробласттар хондробласттарға дифференцияланады. Фибронектин 
жойылып, ІІ типті коллаген және гликозамингликан синтезделіп, біріншілік шеміршек тін 
пайда болады.
Оксифильді жасушааралық зат - шеміршек тініне тән ІІ типті коллаген. 
Базофильді жасушааралық зат - сульфатталған протеогликандар лакуна ішіндегі 
жасушалар арасындағы кеңістікті толтырып, бүкіл изогенді топты қоршап, базофильді 
боялған матриксті қалыптастырады.
Митоздық жасушаның бөлінуі – бұл хондрогенездің екінші сатысында өтеді, шеміршек 
матриксі хондробласттарды лакуналарға қамайды, және изотоп құрылады. Және осы 
сатыда хондробласттарда ДНҚ репликациялық қасиеті сақталады да, олар митоз арқылы 
бөліне алады.
Хондроциттің пісіп жетілу кезеңі – яғни хондрогенездің үшінші кезеңі. Бұл сатыда 
хондробласттар хондроциттерге айналады.
Қызметі:
 Іштегі нәрестеде – пішін қалыптастырушы,яғни олар кейін сүйек тіні дамуына негіз 
болады.
 Постнаталды кезеңде қабырғаның төспен байланысқан бөліктері, буын беттері, ауа 
тасымалдау жолдарының қабырғаларын құрайды 
Орналасуы: Қабырғаның төспен байланысқан бөліктері, буын беттері, ауа тасымалдау 
жолдарының қабырғалары, іштегі нәресте қаңқасының басым бөлігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет