Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет56/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

2. Бояуы: эл.микросурет 
1-жасушалары, липоциттер 
2- коллаген талшықтары 
4. Май тіні (липоциттер, адипоциттер) – дәнекер тін жасушалары арасындағы 
ең ірісі – 30- 50 мкм. Олар борпылдақ талшықты дәнекер тінде қан 
тамырларын бойлап орналасқан шағын топтар құрайды, олардың арасында 
қан тамырлары мен нерв талшықтары өтеді, толық жасушалар орналасады. 
Нәстижесінде бір жасуша типінен – адипоциттерден немесе липоциттерден 
тұратын май тіні қалыптасады. Май тіні қалыпты жағдайда ер адамдар 
салмағының 15-20% және әйелдер салмағының 20-25% құрайды. 
Патологялық жағдайда – семіздікте май тінінің мөлшері 40-100 кг дейін 
өседі, аштықта – дене массасының 3% дейін төмендейді. 
5. Функуциясы: Энергетикалық – организмге қажет қуат көзі. 


Тіректікжәне қорғаныш – кейбір мүшелердің(бүйрек, тамырлар т.б) денеде 
нық орналасуы механикалық сүйемелдеу, қолдау, мүшелерді зақымдаудан 
сақтау, оларға тиген соққыларды жұмсарту. 
Жылулық оқшалау – организмді жылудың шектен тыс шыңын болуынан 
сақтау; 
Жылу өндіру – термогенез, майлар тотығу кезінде босайтын энергияның бір 
бөлігін жылуға айналдыру. Бұл функция, әсіресе, қоңыр май тінінде жақсы 
дамыған. 
Миелоидты қан түзу процестерін реттеу – қанның дамушы жасушалары үшін 
микроорта болып табылатын сүйектің қызыл кемігі стромасының құрамдасы 
ретінде. 
Майда еритін витаминдер (А, Д , Е, К) қорын жинақтау. 
Эндокриндік – эстроген аналық гормондар деңгейін және аппетитті реттейтін 
лептин гормонын синтездеу. 
6. Орналасуы: тері астында, жаурын арасында, жамбастарда, қарында, 
бөкседе, шарбы майда. 
Атауы: Ретикулярлы тін (лимфа түйіні) 
Бояуы:гематоксилин-эозин 
Препарат гематоксилин-эозинмен боялған, Жиі 
қолданатын бояу. Гематоксилин – негізгі (базофильді) 
бояғышқа жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске 
бояйды. Эозин – қышқылды (оксофильді) бояғыш. Ол 
жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. 
Құрылымы:
1-ретикулярлы тін жасушалары 


2-ретикулярлы тіннің ілмектеріндегі қан жасушалары 
4. Ретикулярлы тін – ретикулярлық жасушалардан және олар синтездейтін 
ретикулярлық талшықтардан тұрады. Жасушалары- ұзартылған өсінділермен 
өзара байланысып, тор құрайтын ірі жасушалар. Өсінділері түйіскен тұста, 
ретикулярлық жасушалар арасында электр және химиялық байланыстарды 
жүзеге асыратын- нексустар бар. Ядросы ірі, онда эухроматин басым, 
сондықтан ашық түсті. Цитоплазмасы нәзік оксифилді боялған, құрамында 
орташа дамыған синтездік аппараты, гликоген гранулдары және жақсы 
дмыған цитоскелеті бар. 
5. Функциялары: тіректік- механикалық қаңқа- ұяларды құру; 
Трофикалық-гемопозэздік жасушаларға қоректік заттарды тасымалдау. 
Фагоцитарлы – қан түзуші тіндерді микроорганизмдерден, даму кезінде 
өлген жасушалардан тазарту 
Барьерлік-гемокаппиляр қуысына тек қана пісіп жетілген формалық 
элементтердің миграциялануын қадағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет