Орналасуы: Жұлынның алдыңғы мүйізі нейрондарында.
Құрылым ерекшелігі:
1–нейрон денесі:
а–нейроплазма - нейрон цитоплазмасы.
б–нейрофибрилдер – денесі мен өсінділерінде цитоклетінің арнайы органеллалары.
2–ядро -
біршама ірі, шар пішінді және эухроматинінің мөлшері басым болғандықтан,
ашық түсті.
3–өсінділері: Нейроциттер өсінділері арқылы басқа нерв жасушаларымен,
рецепторларымен және жасуша эффекторларымен байланысады.
в–дендриттер; Дендриттер – нерв импульстерін денесіне жеткізетін нерв жасушаларының
көп тармақталған қысқа өсінділері.
г–нейрит – нерв импульстерін денесінен басқа нейрондарға немесе эффекторларға
өткізетін нейронның ең ұзын және біреу ғана болатын өсіндісі.
Қызметі:Нейрофибриллалар - жасуша пішінін сақтауға, нейрон денесін және өсінділерін
сүйемелдеп, тіректік функция атқарады. Нейроциттерді азотқышқыл күміспен бояп,
жарық микроскоп арқылы зерттегенде нейрофибрилдері күңгірт-қоңыр жіңішке жіпшелер
түрінде көрініп анықталады.
Атауы: Жұлын ганглиясы псевдоуниполярлы
нейроциттері.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. х 630.
Боялу ерекшелігі: гемотоксилин мен эозин әдісімен
препараттарды бояу кеңінен қолданылады,
нейтрофильді бояу болып табылады. Гемоктоксилин –
негіздік бояу, онымен боялатын құрылымдар
базофильді деп аталады, онымен ядро күлгін түске
боялады, себебі құрамында ДНҚ аппараты болады.
Эозин – қышқылдық бояу, онымен боялатын құрылымдар оксофильді деп аталады,
препараттың нейроплазмасы қызғылт түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: