Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
4. Қызметі: жүрек бұлшықет тінінің гистологиялық элементі болып табылатын 
кардиомиоцит жүрек жиырылуына қатысады 
5. Орналасуы: жүректің бұлшықет жасушасында 
Препарат: Қуық қабырғасының тегіс бұлшық ет тіні 


Препарат: Тегіс бұлшық ет тіні 
Бояу: гематоксилин-эозин бояуы. х400
Боялу себебі: Гематоксилин – негізгі (базофильді) бояғышқа жатады. Ол
жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Эозин – қышқылды (оксофильді)
бояғыш. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды.
Құрылыс ерекшелігі: Миоцит пішіні сопақ, ұршық тәрізді келген, өлшемі 
орналасқан жеріне немесе функциялық жағдайына байланысты өзгеріп 
отырады. Тегіс миоциттердің көбісінің пішіні ұршық тәрізді болып келеді. 
Олар бір біріне тығыз жатады, сүйір ұштары арқылы іргелес жасуша 
арасына сына тәрізді кіреді де буда құрайды. Қуысты ағзалар қабырғасының 
бұлшықетті қабығының бойлық және циркулярлық қабаттарына бірігеді. 
ҚЫЗМЕТІ:
• тегіс бұлшықет жасушасының бойлық кесіндісі – жиырылуға
қатысу 
• тегіс бұлшықет жасушасының көлденең кесіндісі – бұлшықетті
жиырылтады. 
• дәнекер тіні қан тамырларымен –трофикалық, қорғаныс, пластикалық, 
морфогенетикалық қызмет 
Организмде орналасуы: 1. тегіс бұлшықет жасушасының бойлық кесіндісі 
2. тегіс бұлшықет жасушасының көлденең кесіндісі 
3. дәнекер тіні қан тамырларымен 


Препарат:Тегіс миоцит құрылысы 
Бояу жоқ 
Мезенхимді – тегіс миоцит мионейральді – мионейроцит (миопигментоцит) 
миоэпителиальді – миоэпителиоцит (себетше жасуша) 
Құрылымдық-функционалдық бірлігі– тегіс миоцит. Таяқша тәрізді 
ядролары құрамында тығыз хроматині және бір-екі ядрошығыбар, олар 
жасушаның ортасында орналасқан. Филогенетикалық тұрғыдан алғанда, тегіс 
миоциттерде көлденең жолақтар болмайды, жүрек және қаңқа бұлшықет 
тінімен салыстырғанда, оларда саркомерлік құрылымдар болмайды. Тегіс 
бұлшықет жасушасының жиырылу аппараты актин және миозин 
ақуыздарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет