Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет95/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

Орналасуы:Торлы қабықта 
 
 
Атауы: Мұрын қуысы кілегейлі қабығының 
иіс сезгіш эпителийі. 
Бояуы: Азокармин. Х630 
Боялу ерекшелігі: Азокарминнің екі түрі бар: 
В және G. Азокармин В суда оңай ериді, 
сондықтан оны сулы ерітінділерде қолданады. 
Азокармин G суда аз ериді, сондықтан оны 
сірке қышқылындағы қаныққан ерітінді 
түрінде қолданады (ацетокарминге ұқсас). Ол 
гистологияда дәнекер тінді Гейденхейнге бояу 
үшін немесе Пачини денешесімен бірге 
қолданылады. Соңғы әдіс артықшылығы бар, 
целлоидин кесінділерін боялған кезде 
целлоидин түссіз болып қалады. Ядролар мен 
хромосомаларды ацето-азокармин G-мен бояу арқылы өте жақсы нәтижелер алынады. 
Құрылысы: 
1- микробүрлер және иіс сезгіш кірпікшелер 
2- иіс сезгіш эпителий 
3- иіс сезгіш бездер 
4- талшықты борпылдақ дәнекер тіні. 
Иіс сезу ағзасы шеткі анализаторы қалыңдығы 60-90 мкм көп қатарлы эпителийден 
тұрады, құрамында иіс сезу нейросенсорлы, тіректік және базальді жасушалар бар. 
Нейросенсорлы жасушалар–саны өте көп, құрамында дендриттері мен аксоны болады. 
Ядросы ашық түсті, 1-2 ядрошығы байқалады. 
Тіректік жасушалар–көп қатарлы болып орналасқан. Апикальді аймағында микробүрлері 
бар, апокринді секрециялық қызмет атқарады. 
Базальді эпителиоциттер–базальді мембранаға бекініп орналасқан, регенерациялық 
қызымет атқарады. 
Орналасуы: Иіс сезу анализаторлары –негізгі және вовероназальді бөліктерден тұрады, 
ұрын сүйегінің асты және мұрын пердесінің бетін тыстап жатқан кілегейлі қабықтың 
сезімтал аймағында орналасқан. Эпителий қабаты базальді мембранаға бекінген. 


Функциясы: Иіс сезу анализаторы химиялық қасиетті сезу қабілетіне ие, иіс шығарушы 
заттар молекулалары тітіркенгіштік қабілетіне ие, иісті сезу үшін мұрын қуыстығында ауа 
өтуі керек. Иіс сезу табиғатын 3 түрге бөліп қарауға болады: химиялық, физикалық және 
физикалық – химиялық. 
1. Иіс сезудің химиялық табиғаты – түсінігі бойынша иіс шығарушы заттар 
молекулалары иіс сезу хұжайрларының кірпікшелі батып тұрушы сұйықтығына 
сіңіріледі липоидті қосылыстарында ериді. 
2. Иіс сезудің физикалық табиғаты – түсінігі бойынша иіс шығарушы заттар - өте 
жоғары жиілікте толқын тарқатады, олар иіс сезу анализаторларына жетеді, иіс 
сезу хұжайраларында қозу әсерінен импульстер құралады. 
3. Иіс сезудің физикалық – химиялық - түсінігі бойынша иіс шығарушы заттардағы 
электро химиялық энергия әсерінен иіс сезу рецепторында қозу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет