1) Атауы - Тепе-теңдік сақтау мүшесі. Эллиптикалық қапшық кіреберісіндегі жартылай
иірімделген каналдың ампуласының көлденең кесіндісі;
2) Бояу әдісі - гематоксилин-эозин;
3) Құрылымының боялуын түсіндіру - Бұл бояу әдісі екі түрлі компоненттен тұрады, яғни
гематоксилин
- негізгі бояғыш, ол жасуша ядроларын бояса, ал эозин – қышқыл бояғыш, өз
кезегінде жасуша протоплазмасын және аз дәрежеде әртүрлі
жасушалық емес құрылымдарды
бояйды. Бояу базофильді жасуша құрылымдарын ашық көк түспен бояйтын гематоксилиннің
негізгі бояғышын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл, қызғылт түспен
бояйтын эозин Y спиртті қышқыл бояғышынан құралады;
4) Құрылымының ерекшелігі:
І-дақ; ІІ-ампула қырқашығы. 1-сүйекті қабырға; 2-эллиптикалық
қапшық қуысы; 3-ампула
қуысы; 4-эпителий; 5-тіректік эпителиоциттер:а-түктер; 6-түкті сенсорлы эпителиоциттер:а-
түктер;7-статоконий мембранасы; 8-статоконий;9-желатинді күмбез; 10-кіреберістегі жүйке
тіні; 11-жйүке талшықтары.
Достарыңызбен бөлісу: