Препаратта жұлынның алдыңғы мүйіздерінің өсінділі нейрондарындағы нейрофибриллаларды көреміз. Нейрондардың денесінде көптеген мультиполярлы өсінділері бар. Оны күміс тұзымен бояғанда қоңыр түсті жіпшелер нейрофибриллалар көрінеді. Нейрондардың цитоплазмасында нейрофибриллалар қара түсті. Нейрондар тығыз тор тәрізді орналасса, ол дендрит пен аксон өсінділерінде параллель жатады. Нейрофибриллалар диаметрі – 6-10нм, нейрофиламенттер – 20-30нм