Жүректің бұлшықет тіні кардиомиоциттерден түзілген. Олардың: өткізгіш, жиырылғыш, аралық, секреторлы түрлеріне ажырайды. Кардиомиоциттердің пішіні цилиндр тәрізді, бір-бірімен байланыса тізбектеліп орналасқан. Функционалды талшықтарды түзеді. Байланысқан жерінде қыстырма дисктерді түзеді. Қыстырма дисктер кардиомиоциттер шекарасы болып табылады. Кардиомиоциттердің ортасында бірнеше ядролар орналасқан. Өткізу жүйесі құрамына синустық-жүрекшелік түйін,жүрекшелік-қарыншалық түйін,жүрекшелік қарыншалық шоғыр(гисс шоғырлары), және жиырылғыш бұлшық ет жасушаларына импульсты жеткізетін оның тармақтары (Пуркинье талшықтары) кіреді.