Торлы қабық көзге түскен жарықты қабылдап, көздің көруінде аса маңызды роль атқаратын фоторецепторлы қабық болып табылады. Ол құрылымы бойынша жүйке жасушаларының 10 қабатынан тұрады. Олар:
Пигментті эпителий қабаты;
Таяқша және сауытша тәрізді жүйке жасуша қабаты
Сыртқы шектеушілік мембрана
Сыртқы ядролы қабат
Сыртқы торлы қабат
Ішкі ядролы қабат
Ішкі торлы қабат
Ганглионарлық қабат
Жүйке талшықтар қабаты
Ішкі шектеуші мембрана
Пигментті қабаты ішкі сезімтал нерв тізбегінен тұрады
Таяқшалар мен сауытшалар. Шектеуші қабаты радиальды бағытталған. Дәнді қабаты фоторецепторлардың ішкі, сыртқы сегменттелген, екі сегменті байланыстыратын бөлігінен тұрады.
Фоторецепторлардың ішкі сегменті мен денесін байланыстыратын бөлігінен тұрады.
Фоторецептордың денесінен түзіледі.
Фоторецептордың аксоны мен ассоциативтік нейронның дендриттерімен түзілген синапсы.
Ассоциативтік нейрондардың денесі орналасқан аймақ.
Ассоциативтік нейрондар мен ганглиональдық нейрон арасындағы синапс