- жеке гипотеза – бұл жалқы фактілердің, нақтылы оқиғалардың және құбылыстардың пайда болуы және қасиеттері туралы негіздеуі бар болжам Мысалы, сот тергеу тәжірибесінде жеке дара адамның қылмыстық әрекетінің себебі туралы болжам жасалады
Жұмыс гипотезасы
Ғылымда, қылмыстық істерді тергеу барысында суреттемелі және түсіндірмелі гипотезалармен қатар «жұмыс гипотезасы» деп аталатын гипотезаның ерекше түрі де қолданылады. «Жұмыс гипотезасы» — зерттеу, тергеу жұмысының бастапкы кезінде басшылыққа алынатын жорамал. Ол мынау сатылардан тұрады: 1) проблеманы қою; 2) деректер, фактілер жинау негізінде болжамды гипотезаға айналдыру логикалық операциясы жасалады «Жұмыс болжамында» факті болатын білімнің бірнеше түрлерін атап өтуге болады: 1) сезімдік түйсінудің негізінде және тәжірибе, эксперимент арқылы алынған объек- тивті ақиқаттығы дәлелденген білімдер тобы; 2) ғылыми зерттеу нәтижелерінің сенімділігі күмән келтірмейтін және практикада дәлелденген заңдар мен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар тобы; 3) білімдік фактілердің үшінші тобына — «жүрттың барлығына белгілі деректер» жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасында демократияның толық және тиянақты қалыптасуын бүкіл халқымыз қалайтындығы бәрімізге белгілі. Бірақ бұл жәй пікірдің ғылыми фактіге айналуына АСиП сауалнама орталығы жұртшылыққа қойған: «Қазақстанда демократияның орнығуын қалайсыз ба?» — деген сұрағына қатысқан 780 адамның 69,4%-нің «иә» деп берген жауаптары үлкен рол атқарады.
Гипотезаны тексеру
Зерттеу, тергеу барысында гипотезаны «дұрыс» не «теріс» құрылғанын анықтайтын тексеруден откізу шарт. Ол үшін, алдымен одан логика бойынша туындайтын салдар тексеріледі. Егер зерттеу барысында көрсетілген барлық салдар анықталса, онда гипотеза дұрыс құрылды деп есептеледі. Ал көрсетілген салдардың біреуі анықталмаса, ол туралы ұсынылған болжам әлі де болса толық жоққа шығарылмайды.