Ғылыми танымда білмеуден білімге өту үш негізгі кезеңдерден тұрады: 1) Проблеманы қою: Проблема (грек. тілінде «проблема» — бөгет, кедергі, қиыншылық, мәселе) —бұл әлі жауабы табылмаған мәселе 2) Проблеманы шешу гипотезадан басталады (грек тілінен: гипотезис – негіз, болжам) 3) Егер гипотеза дәлелденсе, ол ғылыми теорияға айналады Сонымен, ғылыми танымда гипотеза теорияны қалыптастыру үрдісінде қажетті кезең болып табылады (грек тілінен: теория — байқау, қарастыру, зерттеу) Гипотеза - бұл зерттеліп жатқан заттардың, құбылыстардың қасиеттерін және себептерін анықтау мақсатпен алға тартылатын болжам Ғылыми гипотеза деп табиғат пен қоғам, адам мен әлем құбылыстарының даму зандылықтарын түсіндіруге бағытталған болжамды айтады. Оған күн жүйесінің пайда болуы, жер сілкінісінің себептері, тіршіліктің, адамның пайда болуы т.б. осы сияқты құбылыстар туралы болжамдар жатады. Гипотезаның аса маңызды белгісі: - бұл білімді дамытудың түрі. Ол бұрын жеткен білім мен жаңа ақиқат білімнің арасындағы буын болатын, бұрынғы толмаған, дәл емес білімнен жаңа толығырақ, дәлірек білімге өтудің түрі
Гипотезаның құрылуы
Гипотезаны құру шарттары: 1) ғылымға мәлім бұрынғы фактілер, деректер заттардың, құбылыстардың мәнін ашалмай тұрса; 2) күрделі байланыстардағы, қарым-қатынастардағы заттар мен құбылыстарды түсіндіруде алғашқы қадам жасау қажет болса; 3) жаңа фактілерді, құбылыстарды тудыратын себептерді зерттеп білуге қазіргі кездегі ғылымның шамасы келмей тұрса, бірақ, сол себептердің салдарын қазірдің өзінде зерттеп, түсіндіруге мүмкіндік болса.