Аксиология мен өнегеліліктің өзара байланысы этикалық құндылықтарда көрінеді. Антикалық софистердің (б.д.д. V ғ.) байқауынша, мәдениет заңдары табиғат заңдарынан ерекшеленеді. Софистердің ашқан осы жаңалықтың негізінде философияның ерекше қыры ретінде этика пайда болды. «Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет») терминін ғылыми қолданысқа Аристотель еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының заңдары мен нормалары туралы ғылым. Этика мынау сұраққа жауап береді: біз не істеуіміз керек? Біздің іс-қылықтарымыз қандай болуы керек? Аристотель этиканың мақсатын бақытқа жеткізетін іс-қылықтар деп түсінген. Этикалық құндылықтар – бұл басқа адам-дармен қарым-қатынастардың негізіни құрайтын құндылықтар: ізгілік, әділеттілік, борыш, мейірімділік және т.б. Антикалық софистер (б.д.д.V ғ.) Аристотель(б.д.д.384-322 жж.)
Құндылықтар адам үшін маңызды материалдық игіліктерге (тамақ, киім, баспана) және рухани игіліктерге бөлінеді Рухани игіліктер – адам мен бүкіл қоғамның діни, этикалық, эстетикалық құндылықтар жүйесі