Имморализм Ф.Ницше (( лат. im (жоқ) + moralis (әдеп-ті): «Дәрігерлер үшін мораль. Барлық жағдайларда жаңа жауапкершлікті, дәрігердің жауапкершілігін қалыптастыру керек, егер жоғары өрлеп келе жатқан өмірге қызығушылық азғындап бара жатқан өмірді басып тастауды және жоюды талап етсе - мысалы, ұрықталуға құқық үшін, дүниеге келуге құқық үшін, өмір сүруге құқық үшін... Ауру адам - қоғам үшін масыл (паразит). Белгілі қалпына жеткенде оның өмірін әрі қарай жалғас-тыруы ерсілік болады … өмірдің мәнінен айы-рылған науқастың өмір сүруге құқығы қоғамның зор жеккөрушілігін тудыруы тиіс. Дәрігерлер бұл жеккөрушілікті білдіруде делдал болғаны қажет, - олар рецепттерді емес, қайта әр күн сайын өз науқасына жеккөрушіліктің жаңа мөлшерін көрсетуі керек...» Фридрих Ницше (1844-1900) «Кумирлердің алакөлеңке кезі»
Этиканың қазіргі қалыпы
1. Этика өрісінің кеңеюі: «ізгілік» ұғымы экология саласына (биоцентрлік этика) және адаммен ғылыми эксперименттерге таратылады (биоэтика) 2. Этиканы гендерлік тұрғыдан қарастыру 3. Дәстүрлі этикаға эволюциялық көзқарас 4. Ойын теориясында моральдық таңдаудың логикалық-математикалық ас-пектілері (түрмеге қамалған адамның дилеммасы: «қылмысты мойындаймын ба әлде мойындамаймын ба?»)
Либералдық биоэтиканың«жаңа этикалық стандарттары» (XX ғ. 2-ші жартысы)
- эвтаназияны қолдаушылардың «лайықты өмір, лайықты өлім» принципін «өмірді қолдайтын аппаратураны үзіп тастаудың моральдылығын» ақтау үшін қолдану; - «бас миының өлімі» ұғымын адамдық биоматериалдың зерттелуін және пайдаланылуын ақтау үшін қолдану; - «отбасын рационалды жоспарлау» ұғымы; «табиғи сұрып-талуды түзету» мақсатпен тұқым қуалайтын ауруларға «генетикалық шабуыл» жасау ұғымы; - «жасанды сұрыпталу» тәсілі ретіндегі пренаталдық диагностика