Германиядағы аудармашылық білім беру мекемелері
Аудармашы мамандығын сегіз мемлекеттік университеттердің бірінен (Гейдельберг, Майнц, Саарбрюкен – CIUTI
мүшелері; Берлин, Лейпциг, Дюссельдорф, Хильдесхайм, Бонн); үш мамандандырылған
жоғары оқу мектептерінен
(Кельн, Фленсбург, Магдебург), сонымен қатар жекеменшік ұйымдар мен курстардан алуға болады. Австрия сияқты,
білім беру даярлық (4 семестр) жəне негізгі (4-5 семестр) кезеңдерден тұрады. Бірақ шындығында студенттер 5-6
жыл оқиды, бұл рұқсат етіледі, өйткені олардың сабақ кестесі өте қауырт болып келеді. Мамандандырылған жоғары
оқу орындарында оқыту шарттары анағұрлым қатал болып келеді: оқу мерзімі 8
семестрді
құрайды
, ал басқа
қосымша пəндер міндетті болып келеді. Əдетте ауызша немесе жазбаша аударма бойынша мамандану даярлық
кезеңнің соңғы белесіне келеді. Барлық аталған университеттерде келесі пəндер жүргізіледі: тілдің теориясы мен
практикасы, елтану, екі шетел тілдері, ана тілі (стилистика, ауызша сөйлеу дағдылары), ауызша дəйекті жəне
синхрондық
аудармалар, жазбаша аударма (1-ші этапта жалпы, ал 2-ші этапта музыкалықтан бастап
философиялыққа жететін мамандырылған болып келеді), əдетте студенттің өзімен таңдалатын небір қосымша пəн.
Бірақ та қосымша пəндер жөнінде, университеттер бойынша мамандандыру жүргізіледі (Гейдельбергте- құқық пен
экономика, Майнцте- техника мен медицина жəне т.с.с.). Практика ұсынылады, бірақ тек Фленсбургте (1 жыл
Англияда) міндетті болып келеді. Соңғы
жылдар бет алысына байланысты, Гейдельберг, Дюссельдорф,
Хильдесхайм жəне Лейпцигте шетел тілге аударуды оқытудың үлкен көлемінен бас тартылды. Əдеби аударма жасау
тек Дюссельдорф бағдарламасына кіреді. Коммуналды аудармада Магдебург студенттері мамандандырылады.
Бонн университетінде, аудару тілдері ретінде шығыс жəне еуропалық тілдердің үйлесуін таңдауға болады.
Бітіру
емтихандары 5 компоненттерден тұрады, олардың ішіне дипломдық жұмысты қорғау да кіреді. Жекеменшік жоғары
оқу орындарының арасында, жалпы алғанда 3 жылға созылатын кешкі білім беру сияқты аудармашылық оқытудың
түрлі тəсілдемелерін
өзіне енгізген, Мюнхендегі шетел тілдері мен аударма Институты ең танымал болып келеді.