Беттестіру әдісі - өлшенетін шамамен өлшегіштен алынған шамалар айырмашылығын шкалалар белгілерінің немесе кезеңнің сигналдың беттестірулерін пайдалана өлшейтін өлшегішпен салыстыру әдісі.
Балама генератор тәсілі Бұл тәсіл күрделі тізбектің бір тармағындағы токты табу үшін қолданылады. Бұл тәсіл бойынша есептеу үшін қарастырылатын тармақты тізбектің басқа бөлігінен бөліктеп аламыз. Қалған бөлікті активті екіұштық деп қарастырамыз. Активті екіұштық дегеніміз екі ғана жалғану ұшы бар, ал ішінде э.қ.к. мен резисторлар бар тізбекті айтамыз (сурет).
Егер екіұштықтың ішінде энергия көзі (қоректендіргіш) болмаса, онда оны пассивты екіұштық дейді және оны электр энергиясын қабылдаушы деп санайды. Балама сұлбада пассивты екіұштықты бір кедергімен бейнелейді. Ол кедергіні екіұштықтың ішкі немесе кірістік кедергісі деп атайды.
Тізбектің бөлектенген тармағына байланысты активті екіұштықтықты балама генератормен айырбастауға болады. Бұл генератордың э.қ.к.-і Eб бос жүріс режимі кезінде бөлектенген тармақтың қысқыштарындағы кернеуге Uбж тең, ал , ішкі кедергісі Rб екіұштықтықтың кірістік кедергісі Ri тең.
Түйінді потенциалдар әдісі
Түйіндік потенциалдар тәсілі. Сұлбадағы түйіндердің потенциалдарын белгісіз ретінде қабылдағандықтан электр тізбектерін есептеудің бұл тәсілін түйіндік потенциалдар тәсілі деп атайды. Айталық, сұлбада n-түйін болсын. Сұлбаның кез-келген бір нүктесін ойша жермен қосамыз, яғни оның потенциалын нөлге тең деп аламыз.Соның нәтижесінде белгісіздер саны n-1-ге дейін азаяды.
Бұл тәсіл бойынша теңдеулер Кирхгофтың бірінші заңы бойынша түйінде түйіскен токтарға арнап құрылады.
Токтарды түйіндердің потенциалдары арқылы Ом заңы бойынша өрнектеуге болады. Нәтижесінде теңдеулер жүйесі мынадай жалпы түрде жазылады:
φ1G11 + φ2G12 + φ3G13= I11 φ1G21 + φ2G22 + φ3G23= I22 φ1G31 + φ2G32 + φ3G33= I33 мұндағы φ1, φ2, φ3- бірінші, екінші және үшінші түйіндердің потенциалдары;
G11, G22, G33 - бірінші, екінші және үшінші түйіндерде түйіскен тармақтардың өткізгіштердің қосындысы; Gkm- k мен m түйіндерді байланыстыратын тармақтың өткізгіштігі, “минус” таңбасымен алынады;
I11, I22, I33- түйіндердің түйіндік токтары. Белгілі бір түйіннің түйіндік тогы сол түйінмен байланысқан тармақтардағы э.қ.к.-терді сол тармақтардың кедергілеріне бөлу арқылы табылған токтардың алгебралық қосындысына тең. Э.қ.к.-тері түйінге бағытталған тармақтардың токтары «плюс» таңбасымен алынады, ал керісінше жағдайда «минус»таңбасы алынады.
Берілген тізбектің « г» түйінінің потенциалын нөлге тең деп аламыз.Теңдеулер көрсетілген тізбек үшін былай жазылады: