2-тапсырма Есеп № 1 есеп. Адам қанының гемоглобинінде 0,34% темір бар. гемоглобиннің минимальді молекулалық массасын есепте.
Шешуі: Мmin = 56г : 0,34% × 100% = 16 471г.
№ 2 есеп. Адам қанының альбумин сарысуының молекулалық массасы 68400. Осы ақуыздың молекуласындағы аминқышқыл қалдықтарының санын есепте.Шешуі: 68400 : 120 = 570 (альбуминмолекуласындағы аминқышқылдары).
№ 3 есеп. Ақуыз құрамында 0,5% глицин бар. Осы ақуыздың минимальды молекулалық массасы неге тең, егер
М глицина = 75,1? Осы ақуыздағы аминқышқыл қалдықтарының саны қанша?
Шешуі:1) Мmin = 75,1 : 0,5% × 100% = 15 020 2) 15 020 : 120 = 125 (осы ақуыздағы аминқышқылдары)
Рефлексия: Бүгінгі сабақта сізге не қызықты болды?
Өткен материалды сіз қалай меңгердіңіз?
Қандай қиыншылықтар болды? Оларды жеңе алдыңыз ба?
Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді болашақта пайдаға асыра аласыз ба?
Сабақ қызықты өту үшін сіздің ұсыныңыз?
V. Қорытындылау:Студенттерді жеке жауаптарына және тобына байланысты бағалау.
VI . Үйге тапсырма беру:Тақырыбы:«Ақуыздың құрылысы және қызметі»
Жобаларының тақырыптары:Адамның тамағындағы ақуыздың ролі. Ақуыздың құрамын зерттеу. Химия, тамақтану, денсаулық. Ферменттердің белсенділігіне түрлі факторлардың әсерін зерттеу. Сүт тағамдарының пайдасы.
1.Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, организм клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмыртқасында, бұршақ тұқымдастар да кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс зарятталған. Құрамында глутамин қышқылы көп болатындықтан, оның қышқылдық қасиеттері бар, РН-4,7. Альбуминдер суда, тұзды ертінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді, гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды. Қан сары суының альгумины 500 аминқышқылы қалдықтарынан құралады, м.м- 70000, лактальбумин (сүтте болады) 153 амиак қышқылы қалдықтарынан құралады, м.м-17600. Жұмыртқа ақуызында овальбумин кездеседі,оның м.м-45000.