Презентация Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Днқ, рнқ молекулаларының модельдері; постер, оқулық, кестелер. Белоктарға сапалық түрлі түсті реакция



бет1/8
Дата18.05.2023
өлшемі39,02 Kb.
#94410
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
133-134 Ақуыздың құрылысы және қызметі.



131-132 Сабақтың тақырыбы: Ақуыздың құрылысы және қасиеті.
№8 колледж Модульатауы: химия Педагог: Омарова Л.Ш.

тобы






















Күні:

























Сабақтың мақсаты: Студенттерге ақуыз құрылысы және қызметітуралы түсінік беру. 1.Ақуыз молекуласының түзілуін, құрылымын, пептидті байланыстарды түсіндіру.

Оқыту нәтижесі: 1) ақуыз гидролизінің өнімдерін біледі;
2) a – аминқышқылдарынан ақуыз алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіреді;
3) ақуыз молекуласының алғашқы, екінші, үшінші және төртінші құрылымын құрайды;
4) ақуыздардың функцияларын сипаттайды;

АКТ қолдану дағдыларыПрезентация Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.ДНҚ, РНҚ молекулаларының модельдері; постер, оқулық, кестелер. Белоктарға сапалық түрлі түсті реакция.

Пәнаралық байланыстарХимия – бұл жаратылыстану ғылымы, басқа ғылымдармен байланысады:
Биология (медецина жақтары)

Оқу-әдістемелік құралдар:М.Қ.Оспанова;Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019. 11 сынып
Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р.Жұмаділова,«Химия» оқулығы 11сынып Алматы «Мектеп» 2015ж



Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Сұраққа жауап беріңдер:
1. Азотты органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады?
2.Аминдер дегеніміз не, мысал келтір (тақтаға формуласын жазу).
3.Олар қалай жіктеледі?
4.Аминдердің қасиеттері неге аммиакқа ұқсас болады?
5.Аминдердің молекула құрамында қандай функционалдық топтар бар?
Олар қандай қасиет береді?
6.Аминдердің қайсысының негіздік қасиеті жоғары? Неліктен? Түсіндір.
7.Анилиннің алыну реакция теңдеуін жаз.Бұл реакция органикалық химияда кімнің атымен аталады?
8.Амин қышқылдарының анықтамасын тұжырымда.
9.Амин қышқылдары қандай химиялық қасиет көрсетеді?
10.Амин қышқылдарының өзіне тән ерекше химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеуін жаз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспары
1.Ақуыз турлы мәліметтер.
2.Ақуыздардың организмде атқаратын қызметтері.
3. Қарапайым ақуыз және қасиеттері.
Мұғалімнің түсіндіруі: Тірі организмдегі белок молекуласының әрқайсысының өзіне ғана тән белгілі бір кеңістікқұрлымы болады. Ондай кеңістіктік құрлымдыконформация деп атайды.Өзінің конформациясына сәйкес белоктар: глобулярлы белоктар және фибрилярлы белоктар болып екі топқа бөлінеді. Глобулярлы белоктардың құрлымы шағын ғана, олардың полипептидік тізбектері сфера немесе эллипсойд сияқты тығыздала бүктелген болады. Белок глобуласының бетіне негізінен аминқышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдар жинақталады. Олар сумен әрекеттесуге қабілетті келеді. Глобулярлы белоктардың көпшілігі суда, су ерітінділерінде ериді.Мұндай белоктарға барлық ферменттер, қанның, сүттің белоктары (альбулиндер, глобулиндер ) жатады.

Қызметіне қарайжіктелуі

Қызметі

Мысалдары

Серпімділік

Клетканың құрылыс материалы

Коллаген, қабықша, мембраналық белоктар

Тасымалдаушы

Әр түрлі заттарды тасымалдайды

Гемоглобин (О2, СО2 тасымалдау)

Қорғағыштық

Бөтен заттарды зиянсыздандырады

Қан сарысуының гемоглобині

Энергетикалық қуат көзі

Организмді энергиямен қамта
масыз етеді

1г белок ыдырағанда, 17,6 кДж энергия бөлінеді.

Катализдік

Организмдегі химиялық реакциялардың жүрісін тездетеді

Барлық ферменттердің табиғаты белоктық .Мысалы, рибонуклеза

Жиырғыштық

Организм мен клеткаларға тән барлық қозғалыстарды атқарады

Миозин (бұлшық ет белогы)

Реттегіштік

Алмасу процестерін реттейді

Гормондар , инсулин (глюкоза алмасуы)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет