Презентация жасаңыз: "Сакральды (қасиетті) қазақ мәдениеті"



Дата07.01.2022
өлшемі25,36 Kb.
#19136
түріПрезентация
Байланысты:
4 апта.


4 апта. XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті.

1 тапсырма. Тақырыптардың біреуін таңдап, презентация жасаңыз:

“Сакральды (қасиетті) қазақ мәдениеті”;

“Туған жерімнің қасиетті жерлері”

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ: https://ruh.kz/kz/geo/



2 тапсырма. «Қазақ Ағартушылығы феномені»

Абайдың 2 қара сөзін таңдап оқыңыз.

- Олардың әрқайсысынан 3 негізгі ойды жазыңыз (қысқаша, тезис түрінде)

Абайдың қара сөздері: https://abai.kz/post/6

ОН БІРІНШІ СӨЗ.

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.

Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?



Иа, қазіргі таңда да ұры атауы әлі де тиылар емес. Адал тауып тауып отырған адамның асын жеу әрине адал емес. Соны ұрылар түсінбейді ғой. Оған бұзақыларды да қосуға болады. Елдің тыныштығын бұзып, қоқан лоқы көрсетеді. Ондай дәусымақтарды тиятын кісілерді болса еді...

ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.



Кез келген нәрсені ұмытпау үшін, әрдайым ойға берік болу керек. Екіншіден сол нәрсені ынтамен ұғу керек. Жане де, уайымсыз салғырттықтан мейлінше алуақ болу керек. Сонда ғана ақылмен ой кеселдерін жеңуге болады!

3 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру

  • «Аз и Я» кітабының авторы: Олжас Сүлейменов.

  • «Қазақ валісінің королі»: Шәмші Қалдаяқов.

  • «Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы: Ілияс Есенберлин.

  • «Қан мен тер» шығармасының авторы: Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов.

  • Ленфильм киностудиясы түсірген алғашқы қазақтың көркем фильмі: "Амангелді"

  •  Қазақ ұлттық ғалым академиясының бірінші академигі: Қ.И.Сәтбаев.

  • Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры қашан ашылды? 1941ж.

  • «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтың авторы кім: А.В. Затаевич.

  • Құрманғазы Сағырбаев қандай күйлердің авторы: «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш».

  • “Біржан – Сара” операсын кім жазды: М.Төлебаевтың.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет