Презентация Жазу процесінің гигиеналық талаптары



Дата03.07.2023
өлшемі0,89 Mb.
#103983
түріПрезентация
Байланысты:
Омаргазы Анель ПМНОк-22-2һ

Презентация

Жазу процесінің гигиеналық талаптары


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Орындаған: Омаргазы А.
Тобы: ПМНОк-22-2һ
Қабылдаған: Өтеген Х.

Кіріспе


Жоспар

Жазу жұмысына қажетті жағдайлармен оған қойылатын талаптар
  • Жазу дәптерінің қағазы сапалы (ақ,сия сормайтын)болуға тиіс
  • Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет
  • Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбәр жаңа ойды

  • Абзацтан (жаңа жолдан)бастап жазу

Дәптердің түп жағынан (10-15мм)

  • Дәптердің түп жағынан (10-15мм)
  • Оң жағынан(20мм) бос орын қалдыру, біркелкі көркем жазу талап етіледі.

Гигиеналық талап дегеніміз-оқу,жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиалық шаралардың жиынтығы.
Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо-физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді

1)Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.

  • 1)Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
  • 2)Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.
  • 3)Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
  • 4)Сопақша және жарты сопақша кұрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
  • 5)Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.
  • 6)Сөздерді жазғанда әріптердіц дұрыс жалғастырылуы.
  • Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат — балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудын да сондай маңызы болады.

Мектептің жазу құралдары (қалам, қарындаш, дәптер, сия) балалардың көру органдары мен олардың жастарына сәйкес өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ бұлшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек. Сондықтан, жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптердің дұрыс жазылуына кедергі келтіреді.
Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні гигиенистік зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Гигиеналық тұрғыдан алғанда қаттылығы орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180 мм, диаметрі 7-8 мм қарындаштар мақсатқа сәйкес келеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қырлы қарындаштарды қолдануға болмайды.
Қазіргі қолданып жүрген нормалық құжаттар бойынша мектеп дәптерінің ені 170 мм, ұзындығы 250 мм болып келеді. Дәптердің беттеріне түзу жолақтар сызылады және ені 25-30 мм жиектік жолақ қалдырылады.
Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді және жазу жылдамдығының азаймауына мүмкіндік жасайды деп есептелінеді. Дәптердің қағазы тығыз, кедір-бұдырсыз жазық, ақ түсті және жазу екінші жағынан көрініп тұрмайтындай болуы керек. Оның бетіне жазғанда сия жайылып кетпейтіндей болуы керек. Сияның түсі күңгірт-күлгін түсті немесе қара түсті болғаны дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет