Тақырыбы: «Электр қозғаушы күш»
Орындаған: Арыстанбек А.
Тобы: 1508-21
Қабылдаған: Кушекова Б.
“Электр қозғаушы күш” тақырыбына арналған тапсырмалар
1-тапсырма ЭҚК-і ε және ішкі кедергісі r батарея тізбекте көрсетілгендей жалғанады.
Кілт ашық тұрған кезде вольтметр көрсетуі 12,0 В. Кілт тұйықталғанда вольтметр көрсеткіші өзгерді және оның көрсетуі 8,0 В болды.
a)Вольтметр көрсеткішінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Өз түсіндірулеріңізді формулалар қолдану арқылы жазуға болады.
b)Кілт жабық тұрған кездегі тізбектегі токтың мәнін есептеңіз.
c)Ток көзінің r ішкі кедергісін анықтаңыз.
2-тапсырма Электр қозғаушы күшке қатысты есепті шығарыңыз.
Егер тоқ элементінің ЭҚК-і 1,2 В сыртқы кедергісі 5 Ом, ал тізбектегі тоқ күші 0,2 А болса, онда тоқ элементінің ішкі кедергісі қандай болады? Бұл жағдайда сыртқы тізбек қандай қуатты тұтынады? Егер сыртқы кедергі 2 есе кемісе, онда элементтің ПӘК-і қандай болады?
3-тапсырма Сызбада ток көздерінің ЭҚК бағытын көрсетіңіз
4-тапсырма Тұжырымдамаларды сәйкестендіріңіз:
Электр тізбегіне жалғанған, табиғаты Электр тогы
электростатикалық емес энергия көзі.
Ток көзінің ішінде электр өрісіне қарсы Ом заңы
зарядтарды қозғалысқа келтіретін күш.
Электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге Электр қозғаушы күш
орын ауыстырғанда электр өрісі күшінің
атқаратын жұмысының сол зарядтың
шамасына қатынасы.
Өткізгіштегі ток күшінің осы өткізгіштің Бөгде күш
ұштары арасындағы кернеумен байланысы.
Электр зарядтарының реттелген қозғалысы. Потенциалдар айырымы
5-тапсырма Тест сұрақтары
Өлшем бірлігін Дж/Кл түрінде көрсетуге болатын физикалық шама:
А) Кедергі. B) Ток күші. C) Ток көзінің ЭҚК-і. D)Өткізгіштік.
Достарыңызбен бөлісу: |