Презентация жоспар І кіріспе а Жаппай қырып жою қаруларына түсінік. ІІ негізгі бөлім



бет5/9
Дата07.01.2022
өлшемі484,96 Kb.
#18450
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Химиялық қару

  • Химиялық қару - улағыш заттардың (УЗ) уландыру қасиеттеріне негізделген осы заманғы жаппай зақымдау құрал. Химиялық қару адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жою, жерді (суды), техниканы, материалдық құралдарды, азық-тұлік өнімдерін, су көздерін зақымдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
  • Химиялық бинарлық қару-жарақтарға усыз немесе улылығы аз жеке екі компоненттен тұратын химиялық жарақтардың бір түрі жатады. Олар қолдану (жарылыс, бомба тастау және т.б.) процесі кезінде бір-бірімен әрекеттесіп улылығы жоғары улағыш заттарды түзеді.
  •  

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

  • Улағыш заттардың ерекшеліктеріне мынау қасиеттері жатады:
  • - зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді;
  • - қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде улылығын сақтап тұруы;
  • - улағыш заттардың кейбір түрлері зақымдау қабілетін ұзақ уақытқа сақтайды (аптап, айлап); тәжірибе барысында өсімдіктерге жер арқылы өтіп малдарды үш жылдан кейін өлтіруі мүмкіндігі байқалған;
  • - улану себебінен пайда болған аурудын әр-түрлі жолдарымен дамуына байланысты адамды емдеу әдісін анықтауы қиындыққа соғады;
  • - улағыш заттардың адамның денесіне жараланбаған терісінен де ене алатын қасиеті;
  • - уландыру өрісінің жылдамдығы мен ауртпалығы (жеткілікті доза қабылдаған адам аз уақыт аралығында мерт болуы мүмкін);
  • - бірден көмек көрсетудің мүмкінсіздігі (арнайы медициналық көмекті көрсету үшін зардап шеккен адамды емханаға жеткізуінің өзі біраз уақыт алады);
  • - емханаға бір мезгілде өте көп науқастардың түсуіне байланысты емдеу қыиншылықтары; мысалы олардың 10-15 пайызына реанимациялық жағдай жасалуы керек;
  • - зақымданған аймақта санитарлық өңдеу өткізу жұмыстары талай күш пен арнайы құралдарды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет