4-ТАҚЫРЫП. Бұлттық технологиялар ортасында жұмыс
Дәріс жоспары
Бұлттық технологиялар ортасында құжаттармен жұмыс
жасау;
Бұлттық технологиялар ортасында құжаттармен жұмыс
жасаудың артықшылықтары;
Google Docs (құжаттар) қосымшасы.
Интернет желісі арқылы кез келген құрылғыда стандартты мәтіндік құжаттар, кестелер, презентациялар және т.б. файлдарды қашықтан бірлесіп өңдеу мүмкіндігі бұлттық технологиялардың заманауи қызмет түрлерінің арқасында жүзеге асып жатыр. Бұлттық технологиялар ортасының дамығаны соншалық, арнайы программалық жабдықтарды қажет етпей, Интернет желісі арқылы бірнеше қолданушылар үшін нақты уақыт режимінде стандартты файлдармен бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндігін қарастырған.
Бұлттық технологиялар ортасында құжаттармен жұмыс жасау артықшылықтары:
Қолжетімдік. Интернет желіге қосылған жұмыс жасау қолжетімдігі.
Мобильділік. Пайдаланушы құжаттармен жұмыс жасау үшін бір тұрақты жұмыс орнымен шектелмейді, әлемнің кез келген нүктесінен басқарып, қадағалай алады.
Үнемділік. Маңызды артықшылықтардың бірі. Пайдалану- шыға қажетті программалық жасақтамаларды орнатудың қажеті жоқ (мысалы, компьютердегі программаларды жа- ңарту), барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде бі- ріктірілген.
Икемділік. Провайдерлер барлық қажетті ресурстардың автоматты түрде шешімін тауып, жұмыс бойынша қолайлы жағдай жасайды.
Жоғары технология. Үлкен есептеу қуаты, олар деректерді сақтау, талдау және өңдеу үшін қолданушының қарамағына беріледі.
Сенімділік. Кейбір сарапшылар ауқымды желілік ресурстарына қарағанда бұлттық технологиялардың қызмет түрлерін әлдеқайда сенімді деп санайды.
Бұлттық технологиялар ортасында құжаттармен жұмыс жасау үшін тиімді деп санайтын бұлттық сервис түрлерін таңдау қажет.
Google Құжаттар (Google Документы) – көптеген функцияларды ұсынатын онлайн сервис. Негізгі міндеті – стандартты файл- дармен онлайн түрде бірлескен орта құру. Google Құжаттарды құру екі жолмен іске асады: 1) Google қосымшалар тізімінен Құжаттар (Документы) деп; 2) Google қосымшалар тізімінен Диск қызметін таңдап, терезенің сол жақ бұрышындағы Құру (Создать) батырмасын басу арқылы керекті құжатқа қолжеткізе алады.
Мәтіндік құжат – бірнеше тұтынушыға қолжетімді нақты уақыт режимінде ортақ файлды өңдеу, құру және автоматты түрде сақтау ортасы. Мәтіндік құжатты импорттау арқылы Microsoft Word, PDF, ODT, RTF, TXT және HTML форматында сақтауға болады.
Кестелер. Google-дың электронды кестелері жұмыс жасау икемділігі мен бірлескен қолжетімдік мүмкіндіктері арқылы ерекшеленеді. Google кестесі кез келген жерде, кез келген құрылғылар арқылы нақты уақыт режимінде талқылауға, қарауға және өңдеуге болатын бірлескен жұмыс орны. Формулаларды автоматты түрде толтыру функциясы арқылы уақытты үнемдеуге болады. Кестеге енгізілген ақпараттар Google-дың алдыңғы қатарлы қауіпсіздік технологиялары арқылы қорғалады
Презентация. Дайын шаблон түрлерін ұсынатын, онлайн режимде бірнеше қолданушымен бірлесе отырып презентацияны түрлендіруге болатын және көптеген функциялары бар орта. Сонымен қатар видеоларды, суреттерді, сызбаларды және ауысу эффектілерін қосуға болады. Презентацияны бірлесіп өңдеу үш түрде іске асады: серіктесімен бірге өңдеуге; серіктесіне тек оны қарауға немесе пікірлер қалдыруға болатын функциялары бар.
Үлгілер (Формы). Қатысушылардан онлайн тестілеу немесе сауалнама алу арқылы кері байланыс орнатуға арналған орта. Сауалнаманы құрып, қатысушыларға сілтеме тарату жеткілікті, ал жауаптар нақты уақыт режимінде бірыңғай кестеде пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
Бұлттық технологиялар ортасында құжаттармен жұмыс
жасаудың артықшылығы қандай?
Google Құжаттар туралы не білесіңдер?
Мәтіндік құжат деген не?
Үлгілер (Формы) қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |