Микобактерияларды халықаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша 3 топқа бөлеміз:
Баяу өсетіндер: M. tuberculosis, M. bovis, M, simia, M. africanum, M. avium, M. cansasi, M. marinum, M. gastrii.
Жылдам өсетіндер: M.phlei, M.diernhoferi, M.vaccae, M.smegmatis
In vitro-да дақылданбайтын: M.lepraemurium, M.leprae, M.haemophylium
Осы микроорганизмдер микобактериялық инфекциялардың қоздырғыштары болып келеді: туберкулез, алапес (лепра), микобактериоздар.
Туберкулез қоздырғыштары
Туберкулез (латынша «tuberculum» -«төмпешік») микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру. Өкпе, ас қорыту, тері, сүйек, несеп шығару жолдары, жыныс және әртүрлі ағзалар мен жүйелерді зақымдаумен сипатталады.
Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы Кох ашқан.
Таксономиясы:
Firmicutes бөлімі;
Mуcobakteriaceae тұқымдастығына;
Mуcobakterium туыстастығына жатады
Өсіру үшін қолайлы орталар:
Морфологиясы:
Ұзын, аздап иілген;
Грам оң, қозғалмайтын таяқшалар;
Спора және капсула түзбейді;
Муху-Вайсс әдісімен боялады (күлгін таяқшалар);
Циль-Нильсен әдісімен боялады (қызыл таяқшалар);
Глицерин қосылған жұмыртқалық орта;
Сұйық қоректік орта;
Левенштейн-Йенсен, Финн-2;
Колестос, Школьников орталары;
Дюбо, Шула ортасы;
Агарлы орта;
Жартылай синтетикалық Сотон ортасы;
Эпидемиологиясы, патогендік және клиникалық белгілері:
Туберкулез барлық жерде таралған. Инфекцияның негізгі көзі - ауру адам. Таралу жолы - көбіне ауа-тамшылы, трансплацентарлы, алиментарлы, сирек жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда эпидемиологиялық қауіп тудырады.
Аурудың пайда болуы инфекция көзімен ұзақ қарым-қатынаста болуымен, микобактериялардың мөлшері, вируленттігі және макроорганизмнің тұрақтылығы төмендеуімен байланысты.