Презентация «Микробиология, вирусология және иммунология»


Микобактерияларды халықаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша 3 топқа бөлеміз



бет2/6
Дата31.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#63988
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
микробио 1 СРС (копия)

Микобактерияларды халықаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша 3 топқа бөлеміз:

  • Баяу өсетіндер: M. tuberculosis, M. bovis, M, simia, M. africanum, M. avium, M. cansasi, M. marinum, M. gastrii.
  • Жылдам өсетіндер: M.phlei, M.diernhoferi, M.vaccae, M.smegmatis
  • In vitro-да дақылданбайтын: M.lepraemurium, M.leprae, M.haemophylium
  • Осы микроорганизмдер микобактериялық инфекциялардың қоздырғыштары болып келеді: туберкулез, алапес (лепра), микобактериоздар.

Туберкулез қоздырғыштары

Туберкулез (латынша «tuberculum» -«төмпешік») микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру. Өкпе, ас қорыту, тері, сүйек, несеп шығару жолдары, жыныс және әртүрлі ағзалар мен жүйелерді зақымдаумен сипатталады.

Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы Кох ашқан.

Таксономиясы:

  • Firmicutes бөлімі;
  • Mуcobakteriaceae тұқымдастығына;
  • Mуcobakterium туыстастығына жатады

Өсіру үшін қолайлы орталар:

Морфологиясы:

    • Ұзын, аздап иілген;
    • Грам оң, қозғалмайтын таяқшалар;
    • Спора және капсула түзбейді;
    • Муху-Вайсс әдісімен боялады (күлгін таяқшалар);
    • Циль-Нильсен әдісімен боялады (қызыл таяқшалар);
    • Глицерин қосылған жұмыртқалық орта;
    • Сұйық қоректік орта;
    • Левенштейн-Йенсен, Финн-2;
    • Колестос, Школьников орталары;
    • Дюбо, Шула ортасы;
    • Агарлы орта;
    • Жартылай синтетикалық Сотон ортасы;

Эпидемиологиясы, патогендік және клиникалық белгілері:

Туберкулез барлық жерде таралған. Инфекцияның негізгі көзі - ауру адам. Таралу жолы - көбіне ауа-тамшылы, трансплацентарлы, алиментарлы, сирек жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда эпидемиологиялық қауіп тудырады.

Аурудың пайда болуы инфекция көзімен ұзақ қарым-қатынаста болуымен, микобактериялардың мөлшері, вируленттігі және макроорганизмнің тұрақтылығы төмендеуімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет