Презентация орындаған: Ердешбаева Саяжан. Тобы: жмқА 05-22. Қабылдаған: Жакипбекова Ғ. С шымкент-2023. Тақырып



бет2/6
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#112840
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ердешбаева Саяжан физ 3 срс


Амбидекстрия (лат. ambo --- «екеу» және лат. dextera -- «оң қол») --- табиғи немесе шынықтырып екі қолдың бірдей дамуы, екеуінің біреуі де артық дамуынсыз жұмыс істеуі және адамның козғалу күшін сол қолымен де оң қолымен де бірдей жылдамдықпен және нәтижелілікпен орындау қабілеті. Амбидекстрларда бас миының жартышарлардың екеуі де бірдей дамыған, осындай адамдар әр түрлі жағдайларды тез бағалап, шешімді тез қабылдайды. Кері жағдайда, екі қолмен бірдей жұмыс істей алмаса, оны, амбисинистрия деп атайды.

ҰЙҚЫ Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мүндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.


Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында канайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке
ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған
сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.
Жаңа туған перзент - 21
6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен -14
2-4 жастағы сәбилер -16
4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12
8-12 жастағы естиярлар -10-11
12-16 жастағы жеткіншектер -8-9
ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет