Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы ұғымдар 1 . Қанайналымдық қағида - бойынша, ұйқы мен сергектік ми та-мырларындағы қанайналымына байланысты деп
танылды.
2. Гистологиялық қағида - ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқыдеп түсіндіреді ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары
З. Химиялық қағида - ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тіндерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен катар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалык жэне химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды. Олардың айырмашылығы ішкі тежелу - жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу.
Ұйқы орталығы қағидасы мидың қыртыс асты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы
орталықтары барлығын мақұлдайды. Өйткені, торлы құрылымның белсендіруші әсері тиылған
кезде жануарлардың ұйқыға кететіндігі байқалады (П.К. Анохин). Ал, гипоталамустың белгілі бөліктерін тітіркендіргенде ұйқыдағы жануарлар оянып, сергек жануарлар, керісінше,
ұйықтайтындығы анықталды (В.Гесс).
Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) белгілерімен сипатталады.
Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) белгілерімен сипатталады.
І. Қалғу.
Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1-7 минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа-ритм байқалады. ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа-ритм жоюылуы, тета- және бетатолқындардың және жеке дельта- ритмдердің қабаттасуымен сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу (1-2 с) қимылы байқалады және бұлшыкет потенциалының шамасы азаяды.