ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы.
Презентация Пәні:Мәдениеттану және психология
Қабылдаған: Жолдыбаева Мадина
Орындаған:Шамболат Бейбарыс
Тобы: АП-21-6к4
Шымкент 2022ж. Сақтар
Сақтар (сақалар) – б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sәk). Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған. Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген.
Сақтар
Мәдениеті Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7 -6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдысаяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қаружараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, желдауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған
Қолөнер кәсібі Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Зергерлер алтын,күміс балқытып құюмен айналысты. Ұсталар тастан,саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып,қазандар құйды,қару-жарақ соқты. Діни нанымдары мен ғұрыптары Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдынғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Еск қорғанынан табылған сақ ханзадасының ас киімінде бейнеленген. Бұлар- күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады.
Ғұндар Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын мекендеген ең ірі ру-тайпалар бірлестігі көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды. Ғұндар тарихының басталуы қытай дереккөздері бойынша Шань-Гуй-фан, Чжоу-Хянь-Юнь қ және Хань-Хун-Ну әулеттері тұсындағы Яо дәуіріне (б.з.д. 2356 — 2256 жж.) қатысты. Ғұндарды шань-жун-таулық жундар деп атаған. Ол замандарда ғұндар Қытайдан солтүстікке және солтүстік-батысқа қарайғы өңірде өмір сүрген. Қытайдың олар туралы ең ежелгі аңыздары Шу-цзин деп аталады 24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт атты болды.
Ғұндар
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы. Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Археологиялық ескерткіштері Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, ОтырарҚаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Қауыншы мәдениеті Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды.
Қаңлылар
Үйсіндер Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Мәдениеті Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды
Қорытынды
Ежелгі түркі мәдениеті ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалараның негізінде қалыптасқан жалпы мәдениет. Түркі мәдениетінен қалған мұралар мен көне тарихи ескерткіштер қазіргі таңда тарих саласы үшін құнды деректер болып табылады. Түркі мәдениетінің бізге берер тағылы мол, мағынасы терең, ерекше мәдени тобы болып табылады.