Презентация пәннің атауы: «Экология және өмір қауіпсіздігі»


Қорғасын-мырыш (полиметалл)



бет9/9
Дата13.03.2023
өлшемі1,23 Mb.
#73795
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде,Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кедері Қарағанды және Жезқазған облыстарыында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана-Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары барланып, іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған. Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстіктк- Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста- Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақынжылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады.өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металлдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған. Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Сарсн, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар. Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған. Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған. Висмут қорғасынды, мырышт және мыс кендерінде кездеседі сурьманың бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан. Сынап Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған. Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан. Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді мырышты концентраттардан өндіреді. Галий Амангелді мен Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі. Индий Мырғалымсай, Текелі, МАйқайыңның полиметалл кендерінен алынады. Рений Жезқазғанның мас кендерінен табылған. Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады. Селен мен теллур Кенді Алтай, Майқайынның, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен,Саяқ, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Сирек металлдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А.Букетов.
Қазақстанның үлесіне уранның дүниежүзілік қорының 25,7% тиеді (3,5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда; Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан. Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай.. Калий тұздары маңызды химиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.
Полиметаллдық кендерменәдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын плиметаллдық кендерден1,1-1,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
Фосфориттерге Қаратау баурайы (барланған 40 кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8 кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары,Р2О5 үлесі 23-26, кейде 30%, ал ақтөбелік фосфаттарда 6,1-14,1%-ға дейін ғана.
Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің маңынан күкірт кен орны табылған.
Флюориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және Шығыс Тасқайнарда табылған.
Натрий сульфатының қорын өндірістік деңгейде игеру Балқаш, Қарашаған; Қашқантеңіз Үлкен Ажболат көлдерінде жүргізулуде.
Ас тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысын толық қамтамасыз етеді. Індердің тастұзы, Жамантұз және Тайқоңардың тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.
Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.
Жетңқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.
Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
Ыстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май, Бірлік кен орындарында өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.
Кварциттер Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олардың ішінде Қазығұрт, Састөбе және т.б. атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанның ірі цемент зауыттары жұмыс істейді.
Керамикалық шикізат Ақмола Қашпағай, Көкшетау фарпфор зауыттарының, Ақмола керамика комбинатының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көктөбе және Төрген кен орындарын атауға болады.
Шыны өндірісне жарамды құм Мұғалжар, Қалқаман,Қалқан және Қаратөбе кен орындарында өндіріледі.
Қазақстанда гипс қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы,Екібастұз, Теміртауғ Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
Өскемен зауытында минералдық мақта өндірісінде порфирит, туф,базальт қолданылады.
Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттық кірпіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі кірпіш өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.
Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдқ-шикізат ресурстары жеткілікті.
Дерек көз:
https://melimde.com/tabifi-resurstar-olardi-tiimdi-pajdalanu-trati-damudi-negizgi.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет