Презентация Тақырыбы: Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтану үрдісіне әсері


Қала адамдардың әсіресе оқушылардың ұтқырлықтарын арттырады



бет3/4
Дата25.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#59566
түріПрезентация
1   2   3   4

Қала адамдардың әсіресе оқушылардың ұтқырлықтарын арттырады

Әртүрлі ақпарат алады. Ақпараттың тасымалдаушылары сәулет, қала құрылысы, көлік, жарнама, адамдар ағымы, жеке адамдар, мекемелер мен ұйымдар болып табылады.

Қоршаған шындықты жақсы бағдарлауға көмектесетін әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді. Cонымен қатар баланың байқау қабілетін дамытады және әлеуметтік өмірге деген қызығушылығын оятады.

Қазіргі қалада бала тұрғылықты жері бойынша көптеген ұжымдар мен топтардың мүшесі болып табылады

  • Қазіргі қалада бала тұрғылықты жері бойынша көптеген ұжымдар мен топтардың мүшесі болып табылады
  • Жасы ұлғайған сайын, ол соғұрлым көп топтарға кіреді. Әрқайсысының өз талаптары, өмір сүру стандарттары мен қарым-қатынасы бар.
  • Қала жеке тұлғаға кең шеңберлер мен байланыс топтарын, құндылықтар жүйесін, өмір салтын таңдау мүмкіндігін ұсынады.
  • Мұнда өсіп келе жатқан адамның өзін-өзі тануының алуан түрлі мүмкіндіктері бар.

в) Ауылдағы отбасының балаға әсері

  • Ауылдық елді мекен жас ұрпақты әлеуметтендірудің тиімді факторы болып қала береді, өйткені оларда адамның мінез-құлқын әлеуметтік бақылау әлі де күшті.
  • Ауылдардың өмір салтында дәстүрлі көршілік қауымдастықтың элементтері сақталды.
  • Барлығы бір-бірін жақсы біледі, сондықтан кез-келген шаруаның өміріндегі әр эпизод басқалардың бағалау объектісіне айналуы мүмкін.
  • Ауыл байланыс «ашықтығымен» ерекшеленеді.
  • Тұрғындар арасында үлкен әлеуметтік және мәдени айырмашылықтардың болмауы ересектер мен балалар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа жағдай туғызады

III.Қорытынды

Отбасы - ұш махаббаттың: ерлi-зайыптылардың, ата-ананың, баланың махаббаттарының қорытпасы. Ол парыздан, берiлгендiктен, мақсат-мұдделердiң бiрлiгiнен ажырамайды.

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет