Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Отбасы мен неке өз кезегінде балаға түрліше әсерін тигізеді.Бала туылғаннан қоғамның мушесі болып саналады. Демек қала мен ауыл өмірінің де мағызы орасан зор.
Негізгі бөлім
а) Отбасы институты
Тәрбие кұнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады. Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
б) Қаладағы отбасының балаға әсері
б) Қаладағы отбасының балаға әсері
Қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени және табиғи өмір сүру жағдайындағы айырмашылықтар олардың тұрғындарының мінез-құлқындағы ерекше белгілердің пайда болуының нақты алғышарттары болып табылады. Қалалық және ауылдық жерлерде өсіп келе жатқан жеке тұлғаға әсер ететін факторлар қалалық және ауылдық менталитеттердің пайда болуына әкеледі. Қалалық өмір салтының ерекшеліктері