Глицерин - түссіз, шырын тәрізді, тәтті дәмді, иіссіз сұйықтық. ҚР МФ II т., 173 б., 176 б. «Глицерин 98%» және «Глицерин 85%» енгізілген. Фармацевтикалық практикада абсолютті глицерин қолданылмайды, оның 86-90% сулы ерітінділері қоланылады. Ол сусыз глицериннің өте жоғары гигроскоптығын және тітіркендіргіш қасиетіне байланысты. Салыстырмалы тығыздығы 1,224-1,235 г/мл. Глицеринді сумен келесі теңдеу бойынша араластырады:
мұндағы: m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері,
г;х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г;
а - дистилденген (сусыз) глицериннің тығыздығы, г/мл;
b - сұйылтылған глицериннің тығыздығы,
г/мл; 1- судың тығыздығы, г/мл.
; ; Глицеринді сұйылтуға қажетті судың мөлшерін айырма бойынша табады:
у = х – m мұндағы: х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г;
m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері, г;
у - судың мөлшері, мл.
Глицерин барлық қатынаста сумен араласады, бірақ, спиртпен салыстырғанда, глицерин эфир және өсімдік майларымен араласпайды. Глицеринде бор қышқылы, натрий тетрабораты, хлоралгидрат, натрий гидрокарбонаты жеңіл ериді. Глицериннің 25% және одан жоғары концентрациядағы ерітінділері микробтық контаминацияға ұшырамайды, ал сұйылтылған ерітінділері микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болып саналады. Глицерин салмақпен дозаланады. Глицерин жоғары гигроскоптығына байланысты, жақсы тығындалатын ыдыста сақталады.
Өсімдік майлары Olea pіnquіa.
Өсімдік майлары - жоғарғы майлы қышқыл глицеридтерінің қоспасы - мөлдір, сарғыш түсті, иіссіз немесе әлсіз өзіне тән иісі бар майлы сұықтықтар. Оларды тұқым мен жемістерді пресстеу арқылы алады. Дәріхана іс-тәжірибесінде бадам (Oleum Amygdalarum), шабдалы (Oleum Persіcorum), абрикос (өрік) (Oleum Armenіacae), зәйтүн (Oleum Olіvarum), күнбағыс (Oleum Helіanthі) майлары қолданылады. Бұл майлардың сапасы КСРО МФ нормаланады. Барлық майлар сумен араласпайды, этанолда аз ериді, бірақ, эфирде және хлороформда жеңіл ериді. Өсімдік майлары бейполярлы және полярлығы төмен заттарға еріткіш ретінде қолданылады: камфора, ментол, бензой қышқылы, фенол, тимол, кейбір витаминдер жатады.