Презентация Тақырыбы: Экологиялық фактор және олардың жүйесі. Орындаған: Сейдуалы Бекзат Тобы: хт-08-2К1 Қабылдаған: Дуйсенова Сандуғаш Шымкент 2021 Экологиялық факторлар жалпы сипаттама Экологиялық фактор



бет8/8
Дата07.01.2022
өлшемі17,58 Mb.
#17308
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Экологиялық фактор және олардың жүйесі

Химиялық факторлар

  • Химиялық факторлардың маңызы физикалық факторлардан кем емес. Мысалы, атмосфералық ауаның газдық және сулы ортаның қүрамының маңызы зор. Көптеген организмдер үшін оттек қажет болса, кейбір организмдер үшін азот, метан және күкіртті сутегі қажет.
  • Сулы ортада тіршілік ететін организмдерге судағы газдың құрамы өте қажет. Мысалы, Қара теңізде көмірсутек өте көп, сондықтан ол көптеген организмдер үшін өте қолайсыз. Атмосфералық ауадағы газдың құрамы түрақты болғандықтан құрлық омыртқалылары олардың өзгеруін сезбейді. Сулы ортаның тұздылығы да өте маңызды. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігі тұзды суда (теңіз мен мұхиттарда), кейбір түрлері — тұщы суда, аздаған түрлері — тұздылау суда кездеседі. Ішкі ортаның тұздың құрамын бірқалыпты сақтау қабілеті су жануарларының таралуына әсер етеді.
  • Тірі организмдер үшін рН өзгеруі, әсіресе, өсімдіктер үшін өте маңызды. Бір өсімдіктер қышқылды ортада тіршілік етсе, екіншілері — сілтілі ортада, ал сутегі ионның қоюлануы оларға өте қауіпті. Егер ортада рН мөлшері 0 болса, ол жерде тіршілік тіпті, болмауы мүмкін. Ондай рН ортада тек кейбір микроскопиялық саңырауқұлақтар мен балдырлар ғана өседі.

Климаттық факторлар

  • Жербетіндегі геофизикалық немесе биологиялық процесс-терге және адамның шаруашылық іс-қимылына әсер ететін климаттың элементтері (мысалы, ауаның қысымы мен температурасы, жауын-шашын мөлшері, желдің жылдамдығы, т.б.);
  • климат түзілу себептері мен жағдайлары, мысалы, Күн радиациясы, атмосфераның жалпы циркуляциясы, жер бетінің сипаты, географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктік,орография, мұз режімі, қар және өсімдік жамылғылары, мұхит ағыстары, мұхиттан алыстығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет