Презентация Тақырыбы: «Фразеологизмдердің ұлттық нышандары мен фразеологиялық мағына»



бет6/6
Дата20.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31655
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 лек фразео Жолдасбек

Фразеологизм және сөз


Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес

Ал фразеологизмнің бейнелі мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида

Фразеологиялық единицалар туынды мағынаны білдіреді де, сөз түбір мағынаны білдіреді

Біраз ғалымдар фразеологиялық единицаларды фразеологиялық мағына, ал сөз бен еркін тіркестерді лексикалық мағына деп атауды лайық көреді


Мақал-мәтелдер ұқсастығы мен өзіндік ерекшеліктері, семантикасы.


Мақал-мәтел нақылға, жөн сілтеуге арналған

Фразеологизмдер тек атауыш – бейнелеу мәнде келеді

Мақал-мәтел қаншалықты ауыс мағынада қолданылғанмен, құрамындағы сөздер өзінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылып қалу қасиеті бөлек

Фразеологизмдер екі немесе үш компоненттен құралса, мақал мен мәтелдердің бәрі бұл іспетті болып келе бермейді.

Мәтел өзінің құрамы жағынан мақалдан гөрі фразеологиялық единицаларға жуық тұрады.

Көнерген сөздер ұқсастығы мен өзіндік ерекшеліктері, семантикасы.


Қазіргі тіліміздің нормасы тұрғысынан қарағанда фразеологизмдердің құрамында бірқыдыру лексикалық, грамматикалық архаизмдер кездеседі.

Мысалы, шопан ата, ойсыл қара т.б. төрт түлік малдың лақап аттары, кежегесі кейін тартты – «тыңдамады», «қырсықты».



Осы фразеологиялық тізбектердегі «шопан», «ойсыл», «кежеге» сияқтылар – көнерген сөздер. Олар көнеленіп, лексикалық архаизмге айналып бара жатыр.

Пайдаланылған әдебиет

  • Авакова Р. Фразеосемантика. – Алматы, 2013.
  • Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 2007.
  • Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет