Фразеологиялық единицалардың бірден жасала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын бірте-бірте барып қалыптасқаны, еркін тіркестердің негізінде жасалғаны сөзсіз
Хронологиялық жалғас болсын, болмасын туынды мағына яғни фразеологиялық мағына екінші кезекте бертін келе өрбіген
Фразеологиялық мағына тарихи мағына төркінен лексикалық мағынамен астас келеді, іштей өзектесіп жатады
Лексикалық мағына
Лексикалық мағына – сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады.
Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады.
Ол – сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады.
Тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, жымдасып кетеді де, фразеологиялық мағына сол сөздердің жалпы жиынтығынан келіп шығады. Сөйтеді де бір ғана мағынаны білдіреді.
Фразеологиялық мағына әр уақыт ауыспалы мағынада жұмсалып, бейнелі, образды және экспрессивті, эмоционалды мән тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |