Мұнайдың қалай пайда болғандығы туралы сұрақтар адам баласын ертеден бері қызықтырып келеді. Осы мәселе айналасында әлі күнге дейін пікір-талас басыл ған жоқ. Мұнайдың пайда болуы туралы әртүрлі теортеориялар мен гипотезалар екі негізгі топқа бөлінеді: бейорганикалық және органикалық теориялар.
1866 жылы француз химигі М. Бертло мұнай Жер қойнауында минералды заттардан түзілді деген болжам айтты. Өзінің теориясын дәлелдеу мақсатында ол бірнеше тәжірибелер жүргізіп бейорганикалық заттардан көмірсутектер синтездеді.