Құрамында спирттік гидроксилі бар дәрілік препараттар:
Этил спирті Метилтестостерон Ментол
Идентификациялау:
1.Этерификациялау реакциясы (ацетирлеу)
Концентрленген күкірт қышқылының қатысуымен спирттер органикалық қышқылдармен күрделі эфирлер түзеді. Төмен молекулалы спирттердің негізінде алынған күрделі эфирлердің өздеріне тән иістері болады, жоғары молекулалы спирттердің негізінде алынған күрделі эфирлер белгілі балқу температураларымен сипатталатын кристалды заттар түрінде болады.
этилацетат
Әдістеме: 2 мл этил спиртіне 95% 0,5 мл сірке қышқылын, 1 мл күкірт қышқылын қосып, қайнағанға дейін қыздырады-этилацетаттың өзіне тән иісі пайда болады.
. Тотығу реакциясы:
. Тотығу реакциясы:
Спирттер тотықтырғыштармен (калий дихроматы, йод) күкірт қышқылы қатысында альдегидтерге дейін тотығады.
1.1 Йодоформдық сынама
Йодоформ
Әдістеме: 0,5 мл этил спирті 95% 5 мл натрий гидроксиді ерітіндісімен араластырылып, 2 мл 0,1 М иод ерітіндісін қосады : йодоформның иісі пайда болады және біртіндеп иодоформ сары тұнбасы түзіледі.
1.2 Біріншілік спирттер альдегидтерге дейін тотығады.
Әдістеме: 2 тамшы этанолға 1 тамшы 10⁒ күкірт қышқылы ерітіндісін, 2 тамшы 10⁒ калий дихроматы ерітіндісін қосады және қыздырады. Бірнеше секундтан кейін ерітінді көкшіл-жасыл (хром сульфаты) түске боялады және бірмезгілде ацетальдегидтің- көк алманың иісі сезіледі.
1.3 Екіншілік спирттер кетонға дейін тотығады.
Әдістеме: 0,01г жуық эфедрин гидрохлоридін суда ерітіп, калий гексацианоферраты (ІІІ) қосып, қайнауға дейін қыздырады.
2. Кешендердің пайда болу реакциясы.
Көпатомды спирттер әлсіз қышқылды қасиеттеріне байланысты негіздік ортасы (амин топ, спирттік гидроксил)
ДЗ элементтік талдау.
ДЗ элементтік талдау.
Элементтік талдау дәрілік заттардың, жартылай өнімдердің, шикізаттардың сандық және сапалық элементтік құрамын және олардағы қоспалық элементтерді (сандық және жартылай сандық) анықтауға мүмкіндіктер беретін мақсаттардың, әдістердің және тәсілдердің жүйесіне негізделеді. Фармацевтикалық талдауда ЭТ дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділіктерін қамтамасыз ететін элементтерді анықтауда қолданылады. Мысалы, кальций органикалық дәрілерде (кальций глюконаты т.б.) кальцийді, темір органикалық дәрілерде (ферумлек, ферроцерон) темірді, цианокобаламиндегi кобальтті, 1,4 бензодиазепин туындыларындағы галогендерді анықтауға қолданылады.