Кең таралған, өйткені ол әртүрлі химиялық реакцияларды қолдануға және олардың қасиеттері мен құрылымын ескере отырып, заттарды анықтауға мүмкіндік береді. Ол тез, жоғары дәлдікпен орындалады, күрделі жабдықты қажет етпейді және оны зертханаларда да, дәріханаларда да қолдануға болады.
Физикалық және физика-химиялық әдістер. Оларға мыналар жатады: балқу және қатаю температурасын, сондай-ақ дистилляцияның температуралық шегін анықтау; тығыздықты, сыну көрсеткіштерін (рефрактометрия), оптикалық айналуды (поляриметрия) анықтау; спектрофотометрия-ультракүлгін, инфрақызыл; фотоколориметрия, эмиссиялық және атомдық-абсорбциялық спектрометрия, флюориметрия.
Биологиялық әдістер. Дәрілік заттардың сапасын бақылаудың биологиялық әдістері өте алуан түрлі. Олардың ішінде уыттылық, стерильділік, микробиологиялық тазалық сынақтары бар.
Функционалдық топтар (ФТ)- органикалық заттардың белгілі топқа жататындығын көрсететін атомдар тобы. ФТ бойынша заттарды идентификациялау, олардың физикалық, химиялық қасиеттеріне негізделіп, жылдам жүретін, әсерлі сыртқы өзгерістерді (бояудың пайда болуын, түстің өзгеруін, тұнбаның түзілуін, газ тектес заттардың бөлуін, т.б.) беретін реакцияларды қолданады.
Дәрілік заттардың құрылымында жиі кездесетін ФТ келесі түрлерге бөлуге болады:
Дәрілік заттардың құрылымында жиі кездесетін ФТ келесі түрлерге бөлуге болады: