Сабақ- өсімдіктің жер асты мүшелері және жер үсті мүшелерін
жалғастырып тұратын орталық тірек.
Сабақтың қызметтері:
1) Қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
2) Сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) Вегетативті көбеюге қатысады;
4) Органикалық заттар қорға жиналады.
Сабақ
түрлері
Шырмалғыш
(шырмауық, құлмақ)
Өрмелегіш
(асбұршақ,
жабайы бұршақ)
Қысқарған
(бақбақ,жолжелкен)
Жатаған
(асқабақ,қияр,
қауын,қарбыз)
Тік сабақ
(жүгері,бидай,терек,
емен,қайың)
Өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, қосалқы тамырлар дамиды.
Буынаралықтары
қысқа болады.(асқабақ, қауын, қарбыз, қияр)
Шырмалғыш сабақ
Нәзік болғандықтан
айналасындағы
өсімдіктерге шырмалып
өседі, мұртшасы
болмайды.(шырмауық, құлмақ)
Өрмелегіш сабақ
Мұртшасы, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Сабақтары жеңіл, жіңішке әрі ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді лианалар дейді.(асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім)
Қысқарған сабақ
Мұндай өсімдіктердің сабағы өте қысқа болады(бақбақ, жолжелкен).
Сабақтың ішкі құрылысы
Қабық
Камбий
Сүрек
Өзек
Қабық
Өң
Ішке күн сәулесін
өткізеді.
Тоз
Ішке оттегін өткізеді
Тін
Беріктік, мықтылық
қасиет береді.
Сабақтың ең сыртында орналасады.Өң,тоз,тін қабатынан тұрады.Өң- түссіз.Тоз төмпешікке ұқсаған жасымықша жасушалардан тұрады. Тін өте мықты болады.
Қабық сабақтың ішкі бөліктерін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.Тыныс алуға қатысады.
2.Камбий
Қабықтан кейін орналасқан.Өте аз бөлігін алады.
Сабақтың жуандап өсуіне көмектеседі.
3.Сүрек
Сабақтың едәуір бөлігін алып жатыр.Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын,жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды.Түтікшенің айналасын қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды.
Сүрек талшықтары беріктік қасиет береді.Сүректе ағаш жасын анықтайтын қабаттар (шеңберлер) түзіледі.
4.Өзек
Сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болаып келеді.Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды.
Органикалық заттарды қорға жинайды.Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байла-ныстырады. Өзек сәулелері қоректік заттарды басқа қабаттарға жеткізеді.
Сабақтың ішкі құрылысы
1.Сыртқы қабық
2.Тоз
3.Камбий
4.Сүрек
5.Өзек
Өсімдік сабақтарының көлденең кесіндісі.
1.Эпидермис
2.Алғашқы қабық
3.Эндодерма
4.Камбий
5.Флоэма(камбийдің сыртқы жасушаларының бөлінуінен пайда болған жасуша)
6.Ксилема(камбийдің ішкі жасушаларының бөлінуінен пайда болған жасуша)