2 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары тақырыбы: Қанның корғаныс қызметтері: Лейкоциттер. Иммунитет. Гемостаз Хаттама құрастыру: Тапсырма. Кестені толтыру «Лейкоциттер қызметтері»



бет1/4
Дата14.03.2023
өлшемі26,42 Kb.
#74093
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
2 практикалы саба ТЫ тапсырмалары та ырыбы анны кор аныс ы (1)


ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы: Қанның корғаныс қызметтері: Лейкоциттер. Иммунитет.Гемостаз
Хаттама құрастыру:


1. Тапсырма . Кестені толтыру «Лейкоциттер қызметтері».



Лейкоцит

Қызметтері

Нейтрофилдер

Организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерінен қорғайды.Оларды қоршап жұтады және ферменттер арқылы ыдыратып жояды.Мұнымен бірге залалды заттармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерферон бөледі.Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қарағанда өте тез,сондықтан олар лейкоциттерден бұрын залалды әсерлерге жауап қайтарады.

Моноциттер

Денедегі өлі клеткаларды жұтып,жаңа клеткаларға орын дайындайды.Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады.Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде күшті болады.Моноциттер қан тамырынвн шыққан соң макрофагқа айналы,денеде арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады,яғни бөгде заттарды жұтып,өзгертіп,иммуногендер түзеді.Моноцит ісікке,вирустарға қарсы зат,лизоцим,эластаза,коллагенді ыдырататын ферменттерді де шығарады.

Базофилдер



Гепарин бөліп шығарады,олар гепариноциттер деп аталады.Гепарин-қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат.Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін,сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат-гистаминді бөліп шығарады.

Эозинофиль



Гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады.Сондықтан да эозинофилдердің саны аллергиялық реакция кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамин көбейеді.Эозинофиль белоктан тұратын уытты заттарды залалсыздандырады,антидене қалыптастыруға қатысады,плазмоген жасайтын затты бөліп шығарады.

Лимфоциттер



Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып,бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды.Олар залалды заттарды,клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және плазмалық антиденелер бөліп шығарады.Лимфоциттер О-лимфоциттер'>Т(тимуске байланысты),В(бурсаға байланысты),О-лимфоциттер болып бөлінеді.
Т-лимфоциттер сүйек кемігінде,жілік майында түзіледі де тимус безіндн одан әрі дамиды.Олар киллер,хелпер,супрессор деп аталатын клеткаларға бөлінеді. Киллер-өлтіруші клетка ісік клеткаларын,адам денесіндегі жат ағзалар мен ұлпаларды дамытпайтын иммунитет клетка.
Хелпер-көмекші клетка,В-лимфоцитпен әрекеттесіп,оны плазмалық антидене шығаратын клеткаға айналдырады.Супрессор-қысым көрсетуші клеткк.Ол В-лимфоциттің және Т-киллер реакциясын күшейіп бара жатырса,тежеп отырады.
В-лимфоциттер жілік майында түзіліп,ішек пен бүйеннің(тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде,бадамша бездеріне одвн әрі дамиды.В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттесіп иммунды глобулиндер(антиденелер) шығарады
О-лимфоциттер Т немесе В белгісі жоқ лимфоциттер,басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.Лейкоциттердің барлық түрі опсонин бөліп шығарады.

2. Тапсырма




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет