Жасуша аралық зат негізгі заттан тұрады, онда коллагенді талшықтар орналасқан. Оларда коллаген I типті ақуыз болып табылады. Талшықтар ретсіз немес бір қалыпты орналасады
Жасуша аралық зат негізгі заттан тұрады, онда коллагенді талшықтар орналасқан. Оларда коллаген I типті ақуыз болып табылады. Талшықтар ретсіз немес бір қалыпты орналасады.
Сүйек ұлпасында 30 дан астам микроэлементтер бар. Олар ағза метаболитикалық процесстерінде үлкен роль атқарады.
Сүйектің физиологиялық регенерациясы периосттың остеогенді жасушалары арқылы өтеді,бірақ өте баяу жүреді. Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы, егер сынған сүйектің ұштары ығысып кетпесе тез жүреді. Бұл процеске- остеогенезге қатысатын жасушалар: остеобласттар мен остеокласттар қатысады. Алғашқы сүйектену кезеңінде дәнекер тінді шеміршек аралшықтары пайда болып, одан кейін екіншілік остеогенез процесі жүреді.
Сүйек тіні ағзадағы ең тығыз тін. Жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады. Шеміршекке қарағанда коллоагендері көп. Сыртқы беті периостпен қапталған. Сүйек тінінің жасушаларына: остеобласт, остеоцит, остеокласт жатады. Сүйек ұлпаларында минералды заттардың көптігіне қарамастан сүйек ұлпасында әрдайым бұзылулар мен жаңа түзілулер болып тұрады. Сүйек ұлпасының құрамы жас ерекшелігіне, тамақтану тәртібіне, бұлшық ет жұмысына, ішкі секрецияға байланысты өзгеріп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
"Гистология, эмбриология және цитология" Ж.О. Аяпова, Алматы 2007ж.
"Цитология и общая гистология" В.Л. Быков, Санкт-Петербург 2000ж.
"Гистология, эмбриология, цитология" Ю.И. Афанасьеф, Алматы 2002ж.