Постэмбриональдық сүйектердің дамуы регенерациялық және эктопикалық гистогенезде жүзеге асады.
Сүйек ұлпалары үш түрлі клеткалардан тұрады:
остеоцит
остеобласт
остеокластар
Реттикулофиброзды сүйек ұлпасы.
Негізінен жаңа туылған балаларда кездеседі. Ересек адамдарда өскен бас сүйек жіктерінде, сіңірлердің сүйекке бекіген жерде кездеседі. Ретсіз орналасқан коллагенді талшықтар жуан шоғырлар жасайды.
Көбінесе ересек организмдерде кездеседі. Олар сүйек пластинкаларынан тұрады. Көршілес пластинкалы талшықтың бағыты әр түрлі болады. Осының әсерінен пластинкалы сүйек ұлпасы берік болады. Жалпақ және түтікті сүйектер көбінесе осы сүйек ұлпасынан тұрады.