Презентация тақырыбы: Тексерген: тоқтарова. Г. М. Презентацияны дайындаған: кдр-21 тобының студенті



Pdf көрінісі
Дата02.03.2022
өлшемі144,33 Kb.
#26874
түріПрезентация
Байланысты:
Мәдениеттану Женис Назерке



«Мəдениет 

рəміздері жəне 

олардың мəдени 

коммуникациядағы 

рөлі мен маңызы» 

Презентация тақырыбы: 




Тексерген: 

ТОҚТАРОВА.Г.М. 

Презентацияны дайындаған: 

КДР-21 тобының студенті 

ЖЕҢІС.Н.С. 



Презентацияның жоспары:

1. Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау

2. Қазақ этномәдениеттіндегі коммуникациялық 

бастаулар және олардың рәміздік таңбалық 

нысандары

3. Дәстүрлі қазақ мәдениеттіндегі коммуникaциялық 

рәміздер



1. Коммуникациялық рəміздерді семиотикалық талдау

Мемлекеттік рəміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рəміздеріміз əлемдік 

каталогқа енген. Ел тəуелсіздігі мен мемлекеттік рəміздер егіз үғым. Кез келген ел тəуелсіздігін оның 

мемлекеттік рəміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында жəне бүкіл 

республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, əр жүректе 

мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дəрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рəміздердің зор 

тəрбиелік мəн, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың 

жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі əрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция 

тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рəміздердің үлттық патриотизмді жəне жалпы қазақстандық 

патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.

     «Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нəрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру 

керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қай үлттан шыққанына 

қарамай, əрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы.

    Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дəстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар 

қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен əділдік», 

«азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.

Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба əулетінің мəйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін 

атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-

мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рəміздерін, салт-дəстүрін жүрекпен сүйе білген əрі 

ұрпағын да соған тəрбиелеген, баулыған.




2. Қазақ этномəдениеттіндегі коммуникациялық бастаулар жəне олардың рəміздік таңбалық нысандары

Əрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тəрбие беру əрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да 

қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын 

ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, 

мəдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, əрбір 

отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Əнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге 

тəрбиелеуден бастау керек. Əрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты 

екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - 

дейді.

Өз тəуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рəміздер дуниеге келді.



Тəуелсіз ҚР рəміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық 

жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.

 Елбасымыз жаңа мемлекеттік рəміздерді қабылдауға зор мəн берді.

 Мемлекеттік рəміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ə.Назарбаев 1992 жылғы 

4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік 

əнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

 Егеменді елдің əрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рəміздері бар. Біздің 

мемлекетіміздің рəміздері - Ту, Елтаңба, Əнұран. Бұл рəміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің 

мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, 

барлық халықтар үшін əрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.




In addition

Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі 

бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр 

елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі 

Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ 

мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін 

құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы 

құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне 

тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның 

қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда 

болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің 

қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес 

келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, төртінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы 

деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың 

басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері 

қолданыла бастады.



3. Дəстүрлі қазақ мəдениеттіндегі коммуникaциялық рəміздер

Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рəміздер мен дүниетанымдық ұстанымдар 

арқылы тұтастанатыны белгілі. Алайда бұл бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. 

Қазақтың дəстүрлі мəдениеті дəуіріндегі адам мен дүние қарым-қатынастары туралы тікелей əдебиет 

болмағанымен, осы мəселенің кейбір жақтары Қ.Ш.Нұрланованың, Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.

Шаханованың, Г. Шалабаеваның, Ə.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж. Молдабековтың, 

Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың жəне тағы басқа зерттеушілердің ғылыми 

нəтижелерінде XV ғасырдың екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мəдени 

өзгерістері, олардың рəміздік суреттемелері зерделенген.

Қазақтың дəстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік хронологиясы жатады жəне ол өзінің 

рəміздік көп мағыналығымен көзге түседі. Белгілі философ Ю. Хабермас индивидуалдық коммуникацияның 

əр мəдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай қасиеттеріне назар аудару қажет деген: а) жеке 

адамдардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі: ə) өзіндік меннің бар болуы жəне оған сүйену; б) 

моральдық жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда индивидуалдық дискурс жүре алады7

Қазақ хандық дəуіріндегі ақын-жырауларда жеке-даралық дискурстың жоғары деңгейде болғанына 

мынандай дəлелдер келтіруге болады. Қазақ даласындағы əлеуметтік коммуникациядағы ерекше 

этносоциологиялық сана мен əлеуметтік бірлік мəдениеті үрдісінің қалыптасуын білдіреді. Адамның 

адамзат тарихы қалыптасқаннан бергі тарихын оның рухани болмыс-бітімінің үздіксіз ашылу үдерісі деп 

қарастыруға болады. Адамзат тарихы адамның өз шығармашылық қасиеттерін көрсетуі арқылы, 

көзқарастары мен ойлары, жасаған образдары жəне дүниетанымымен ерекшеленеді.




НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА            

РАХМЕТ! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет