Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал орта ғасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб, (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мүнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі, Түркістан шекарасындағы Мауараннахрдың үлкен де, ірі калаларының бірі. Ол Алла елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар».
Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде белгілі еді. Тап осында түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан ІІ-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлүқтар мен қарахандардьгң астанасы болды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жікіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Қүл-Шуб, Жуль-Шуб, Қүлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-үсақты 25 қала болған. Бүл Харанжуан, Жуль, Навакет, Бунджикет, Қүрмырау, Суяб, Баласағүн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатарына Тальхиз (Талғар), Қоялық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте жөне оңтүстік шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.
Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ,
Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан.
Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір,Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында 78 қаланың орны табылды.
Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейілінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр,Торғайдың төменгі сағасында - Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында 16 қимак қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимак қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын монументті құрылыстардың болуы дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |