Тақырыбы: XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезіндегі Қазақстанның қалалық мәдениеті.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы Топ: ВМ-МҚБ-5-23/А1
Орындаған: Елеусіз Ботакөз Серікқызы
Қабылдаған:
Шымкент 2023
ЖОСПАР:
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қала мен даланың өзара байланысы.
Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалар мен құрылымы
XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе:
Әлемдегі қай халықты алсақ та олар өздерінің шыққан тегін, сан ғасырлық жүріп өткен тарихын танып білуге ұмтылары хақ. Өйткені халықтың өзін-өзі тану жолына түсуі өркениетті озық ұлттардың барлығына тән табиғи құбылыс. Сондықтан да халқымыздың «қазақ» атауын енші етіп алып жеке халық болып қалыптасуы, өз алдына шаңырақ топтардың тарихын зерделеу, «қазақ» сөзінің шығу төркіні һәм мән-маңынасын зерттеп білудің орны ерекше. Аса маңызға ие нақ осы тарихи оқиғалар ортағасырларда орын алды.
Қазақстан тарихының маңызды кезеңі болып табылатын VI-XVII ғасырдығы үш кезең:
VI-XII ғғ. Қамтитын Түрік кезеңі
XIII-XIV ғғ. Қамтитын Моңғол кезеңі
XV-XVII ғғ. Қамтитын Қазақ хандығы дәуірі
Қала мен даланың өзара байланысы
Көне түркі мемлекеттері дәуірінде, әсіресе Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда және дипломатиялық байланыстар дамиды. Қалаларды әкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мәдениет орталықтары ретінде қалыптастыру үрдісі жүреді.
Қала мен даланың өзара іс-қимылының мәдени аспектісі өзара әрекеттесу, алыс-беріс, еліктеу, интеграция сияқты құбылыстармен сипатталады. Мысалы, отырықшы халық көшпелілерден қару-жарақтың, әшекейлердің, бағалы металдардан жасалған ыдыстардың түрлерін қабылдап алды. Алайда, отырықшы халық толықтай көшіру жолымен емес, бұл бұйымдарға өздерінің ерекше элементтерін әкелді.