Презентация Тақырып : Аурушаңдық көрсеткіштерін есептеу және талдау. Мүгедектік. Орындаған: Марат А


Аурушаңдықты есепке алу және талдау



бет2/6
Дата01.02.2023
өлшемі1,81 Mb.
#64261
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КДС 1 СРС

Аурушаңдықты есепке алу және талдау

  • Емдік-профилактикалық мекемелерге дәрігерлік көмекке қаралу мәліметтері бойынша. Бұл кезде амбулаториялық-емханалық мекемелерге бірінші рет қаралғандарды тіркеу материалдары немесе уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға алып келген жағдайларды тіркеу мәліметтері (жұмыстан босату) қолданылады;
  • профилактикалық медициналық тексерулер нәтижелері бойынша;
  • өлім себептері бойынша.
  • Ең жиі қолданылатын және ең ақпаратты болып бірінші екі әдіс табылады.
  • Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне байланысты уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін аурушылдық 16-ВН нұсқасы бойынша немесе терең жеке есепке алу әдісімен (есепке алу мәліметтері бойынша) зерттелуі мүмкін.

Екі әдістің де бақылау бірлігіне жұмысшының ауруымен байланысты еңбекке жарамсыздықтың әрбір жағдайы, ал есепке алу құжатына – еңбекке жарамсыздық қағазы жатады. Ол кәсіпорынның бухгалтериясында сақталады, себебі ол тек заңдық құжат болып қана емес, сондай-ақ қаржы құжаты болып табылады. Еңбекке жарамсыздық қағазынан ауру туралы және оның ұзақтығы туралы мәліметтерді көшіріп алып, кәсіподақ ұйымы және медициналық-санитарлық бөлімнің дәрігері (денсаулық пунктінің) тоқсандық есеп беру құжаттарын жасайды және 16 - ВН нұсқасы бойынша талдау жүргізеді.

  • Екі әдістің де бақылау бірлігіне жұмысшының ауруымен байланысты еңбекке жарамсыздықтың әрбір жағдайы, ал есепке алу құжатына – еңбекке жарамсыздық қағазы жатады. Ол кәсіпорынның бухгалтериясында сақталады, себебі ол тек заңдық құжат болып қана емес, сондай-ақ қаржы құжаты болып табылады. Еңбекке жарамсыздық қағазынан ауру туралы және оның ұзақтығы туралы мәліметтерді көшіріп алып, кәсіподақ ұйымы және медициналық-санитарлық бөлімнің дәрігері (денсаулық пунктінің) тоқсандық есеп беру құжаттарын жасайды және 16 - ВН нұсқасы бойынша талдау жүргізеді.

Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурушаңдықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурушаңдығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады
Халықтың және оның жеке топтарының аурушаңдық деңгейін, құрылымы мен динамикасын бағалау кезінде көрсеткіштерді республика, облыс, район, қала көрсеткіштерімен салыстыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет