БҰҰ сарапшыларының деректерi бойынша мүгедектердiң жалпы әлемдiк саны 600,0 млн адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың iшiнде 385 млн еңбек етуге қабiлеттi жастағы адамдар болып табылады. Мүгедектердiң жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым (мүгедектердiң жалпы санының 70%-ы).

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi.