Цемент. Цемент дентиннен төмен минералденген болады. Мұнда су мен протеогликандар көп болады. Жасушалық элементтері - цементобластар.
Цемент. Цемент дентиннен төмен минералденген болады. Мұнда су мен протеогликандар көп болады. Жасушалық элементтері - цементобластар.
Пульпа. Бұл ерекше дәнекер ұлпа, эмбрионның дәнекер ұлпасына ұқсас. Пульпа біршама метаболиттік активті болғандықтан, онда ферменттер көп болады. Фибробластардан басқа, пульпада май жасушалары да кездеседі. Жасушаралық затта - гликопротеиндер, глюкозаминогликандар болады. Пульпаның талшықтық құрылымы – бұл жіңішке коллагендік талшықтар. Пульпаның қызметі: дентинді қалыптастыру және дентинде метаболиттік процестерді қамтамассыз ету.
Қышқылдық ортада тіс ұлпасы зақымдалуға түсіп өзінің қаттылығын жояды. Бұл кең таралған ауру - кариес тістің бетінде тіршілік ететін,анаэробтық гликолиз өнімі ретінде органикалық қышқылдарды бөлетін, тіс эмалінен Са2+ шайылдыратын микроағзалармен де дамиды. Қанттардың бактериалдық метаболизмінің басқа өнімдеріне – жасуша сыртылық декстрандар,ерімейтін полисахаридтержатқызылады. Олар бактериялар үшін қорғаныш ролін атқарады. Бактериялар және декстрандар тіс тасының негізгі массасын (тіс бляшкалары) құрайды. Олар нашар тазаланған тістерде түзіледі. Тісті кариестен қорғаудың профилактикалық шарасына тісті кезеңді тұрақты түрде тазалау (тіс тасын жою үшін), фтормен байытылған суды пайдалану (тіс эмалін фтор иондарымен қанықтыру үшін) және т.б. керек.